"Үнемі мақтап жүріңіз": Отандық психологтар отбасылық бюджетті сақтаудың жолын айтты
Әйеліңізді мақтап, отбасылық бюджетіңізді сақтаңыз! Психилогтар ерлерге осындай кеңес берді. Нәзік жандар өзіне мақтауды көбірек естісе, салон жағалап, киім бутиктерінің табалдырығын тоздырмайды екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.
Астаналық Клара Бәйдібекова 57 жаста.  Бірақ түр әлпеті 45 жаста сияқты. Түрлі сән салондары мен косметологқа ақша аямайтын көрінеді. Салоннан шыққан бойда жан дүнием құлпырып, көңіл күйім көтеріледі дейді. Әйелдің мұндай күйде болуы отбасындағы атмосфераға да әсер етеді екен.      
 
"Косметологиялық процедура алғасын өзіне сенімділік пайда болады. Не только жұбайы, ер адам отбасында жанындағы адамдар да жақсы комплимент айтады. Әйел адам өзіне өзі сенімді болады. Настрониесі болады, сенімді адам жұмысқа да, үйге де басқа көңіл күймен аударады.  
болады", - дейді қала тұрғыны Клара Бәдібекова.
Косметолог Оксана Васильеваның сөзінше, егер әйел стреске түссе, оған ешқандай  маман көмектесе алмайды. Өзі жұмыс істейтін салонда нәзік жандының көркін ашатын барлық керек-жарақ бар. Алайда маман қанша жерден тырысса да,  әйелдің ішкі жан дүниесі дұрысталмай, оның сырт келбетін әдемі ете алмайың - дейді.
"Біздің салонға келетін әрбір 20 клиенттің кем дегенде  3-4 психологиялық түйткілі болады. Көбіне бұл депрессия. Ондайларды бірден көремін де, психологқа  жіберемін. Мұндай жанның қанша жерден әжімін кетіріп, бетін жайнатқанымен, көздерінде от болмайды. Көңілсіз жүреді. Мұндай кезде сұлулық туралы айтудың өзі әбес", - дейді косметолог Оксана Васильева.
"Егер әйел  өзінің әдемілігі туралы мақтаулар естімесе, өзін жайсыз сезіне бастайды. Бірдеңе өзгерткісі келіп тұрады. Бұл ретте олардың сүйіктілеріне айтар кеңесіміз- өз әйелдеріңізді жиірек мақтаңыз. Сонда жұбайыңызда өзіне деген сенімділік пайда болады. Олар мұндай күйде тіпті сән салондарын жағалауды да азайтады", - дейді сән салонының директоры Ирина Эйсфельд.
Психотерапевт Андрей Ломайский әйелдерге сән салондарының қызметіне жүгінгенде, бастысы шектен тыс әуестеніп кетпеу керектігін ескертті. Әйтпесе  артық қыламын деп тыртық қылуыңыз да ғажап емес.   
"Егер әйел  бір реттік процедураларға барып, өз бойындағы бір мінді түзегісі келсе бір сәрі. Ал сән қуып, ота жасайтын хирургтерді ұдайы жағалап жүретіндерге айтарым- бұл аурудың белгісі. Ипохондрия деп аталады. Оны емдеу керек", - дейді психотерапевт. 
Ал  Елена Вожова ер адамдар тарапынан мақтауға кенде емеспін дейді. Келіншек ота және инемен жасалатын шараларды мойындамайды. Оны кейінге қалдыратын бірден бір жол- косметолог маманға жиі келу деп есептейді.   
"Әзірге инемен жасалатын процедураларға дайын емеспін. Құдай бізді онсыз да әемі етіп жаратты. Сол әдемілікті қаз қалпында сақтап қалу керек деп санаймын. Бұл салонның мамандарына бетімді тазартуға, массаж жасатуға келемін". - дейді қала тұрғыны Елена Вожова.