Ұлытау облысында жұмысшы шаруа қожалығының басшысын өлтірген

Ұлытау облысының полицейлері шаруа қожалық басшысын өлтіру фактісін ашты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 
31 қаңтарда сағат 18:30 шамасында Ұлытау облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне Ұлытау ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан қыстаудан 46 жастағы шаруа қожалығы басшысының зорлық белгілері бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 Оқиға орнына облыстық ПД және Ұлытау аудандық ПБ қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жөнелтілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған шаруа қожалығының 45 жастағы қызметкерін анықтап, ұстады. Күдікті шаруа қожалық басшысымен өзара жанжалдасу кезінде өлтіргенін айтып, кінәсін мойындады. Қылмыс орнынан атқа мініп қашып, ізін жасырмақ болғанымен, полиция қызметкерлері көп ұзатпай далада қолға түсірді. Айғақты заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста