Ұлының той кортежі үшін лауазымды полковник жұмысынан кетті

Ұлан-асыр VIP тойдың соңы үлкен жанжалмен аяқталды. Бүгін Астананың қақ ортасында шоу жасап, жарыс ұйымдастырған ұлының той кортежі үшін Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Балташев қызметінен кетті. Полковниктің өз еркімен жазылған рапортына Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов қол қойып берген. Ал үйленіп жатқан жігіттің дөкей әкесіне сеніп 7 бірдей жол ережесін өрескел бұзған кортеж жүргізушілері жаппай сотқа жеткізіліп жатыр.

Астананың қақ ортасында ойқастаған той кортежіне қатысты шу оңайлықпен басыла қоймаған соң Ішкі істер министрлігі шындықты жариялауға мәжбүр болғандай. Бүгін министрлік елордалықтардың зәресін ұшырған той кортежінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасы орынбасарының ұлына тиесілі екенін ақыры мойындады. Сөйтіп, 46 жастағы полковник Бақытжан Балташев баласының кесірінен амалсыз отставкаға кетті.

Алмас Сәдубаев, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

-Жалға алынған автокөлік жүргізушілері мен той иесінің таныстары айыпты деп танылды. Бұл Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтың ұлының тойында орын алған оқиға екені расталды. Осы жағдайға байланысты полиция полковнигі Бақытжан Балғабекұлы өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Барымен мақтанғысы келді ме, әйтеуір есірген Балташевтың ұлы қымбат көліктерге мініп алып, Астанадағы ең үлкен даңғылда шоу жасаған еді. Той кортежі айналадағы қаптаған камера мен полицейлерді пысқырмаған. Жолды көлденең кесіп, жастар көліктен беліне дейін шығып, суретке түссе, тіпті бірнеше джип артпен жүріп жұртты шошытты.

Адам өміріне қауіп төндірген той кортежіне қатысты бүгін сот өтуі тиіс болатын. Бірақ, полицейлер кейбір жүргізушілер мен үйлену тойының тентек қонақтарын отырысқа әкеле алмаған. Қазан айына қалдырылған процесске тәртіп бұзушыларды күшпен жеткізу туралы шешім қабылданды. Ал кеше Ішкі Істер департаменті төрт жүргізушіні куәлігінен айырып, бесеуіне жарты миллион айыппұл салған.

Астанада бұған дейін де лауазымды шенеунік ұлының ұятты әрекеті үшін қызметтен кетіп тынған. Премьер-министр кеңсесіндегі бас инспектордың ұлы кинотеатрда жұмыс істейтін қызды жұрттың көзінше тепкілеп тастаған-ды. Ұлының осы қылығы үшін Болат Туракелдиев өз еркімен орын босатқаны есте.

Осылайша Астанада айналдырған екі аптаның ішінде екі бірдей лауазымды шенді еркетотай ұлдарының кесірінен қызметінен кетуге мәжбүр болды. Басшылары қоғамдық пікірдің қыспағынан сескеніп оларды қуып тынса керек. Ал Бақытжан Балташев та атақ-даңқы мен жиған-тергенін салып, ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткіземін деп абыройдан айырылды. Ақыры полковник ұлы үшін жауап берді. Ал әкесіне тосын сый жасаған ерке балаға бұл оқиға сабақ болса игі.

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста