Ұлы Абайдың қара сөздері – Республика алаңында

Иә, дәл солай. Өскемендегі Республика алаңына һакімнің қара сөздері қашалған гранит тақтайшалар орнатылды. Ақынның шығармалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бұлбұл Бакинованың айтуынша, олар сөздерді қалай жазу және безендіру жайында ұзақ ойланыпты.
Бұлбұл БАКИНОВА, Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
– Біз қара сөздердің ішінен білімге, еңбек пен отбасына қатысты ең маңызды деген тұстарын таң­дап алдық. Бұл жұмыста бізге С.Аманжолов атын­дағы ШҚМУ-дың оқытушылары көп көмектесті, олар мәтіндерді орыс және ағылшын тілдеріне ау­дар­ды. Қате кетіп қалмас үшін мен тақтайшалар да­йындалған салонға өзім барып, әрбір әріптің дұ­рыс жазылуын қадағаладым.

Қырық бес қара сөзден барлығы 12 үзінді таңдалып алынған. Облыстық ішкі саясат басқармасының кеңе­сі­­мен тағы екі тақтайшаға ақынның басқа шығар­ма­ла­рынан үзінділер жазылыпты. Орталық алаңда ұзын са­ны 14 ескерткіш тақта орнатылған. Ұйым­дастырушылар Абайдың өсиет сөздерін оқыған әр­бір азамат ойға келіп, рухани азық алады, әсіресе жас­тарға үлкен тағылым болады деген сенімде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста