Ұлт лидері туралы заң жобасында «Елбасын мәңгіге сайлау» туралы қағида жоқ

Мансұр ХАМИТ (фото)

 

Ұлт көшбасшысы мәртебесін ресми түрде бекіту қажет. Р.Халмұрадов, Ә.Жолшыбеков, С.Ферхо бастаған Мәжіліс депутаттары кешегі жалпы отырыста осындай тосын жаңалыққа құрылған заң жобасын ұсынды. Депутат Нұртай Сабильянов басқа депутаттық сауалдарды кейінге ысыртып, «одан да маңызды дүниені бірінші кезекке қойғанымыз дұрыс» деп, төтеден қосылған осы заң жобасын күн тәртібіндегі мәселелердің алдына оздырды.

«Біз ел Президентінің рөлін нақты белгілеу үшін екі заң жобасын әзірледік. Сондықтан бүгінгі кеңейтілген отырысқа осы заң жобаларын енгізуді жоспарлап отырмыз: біріншісі – «ҚР кейбір конституциялық заңдарына ҚР тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және екіншісі – «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ҚР тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», – деді отырыста істің бетін аңдатқан депутат Розақұл Халмұрадов. Заң жобасында конституциялық заң деңгейінде Қазақстанның бірінші Президентіне ұлт көшбасшысы мәртебесін бекіту ұсынылған. Жалпы отырыста аталған заң жобалары бойынша қорытындыны 2010 жылдың 25 маусымына дейін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Ал заң жобаларына мұрындық болған депутаттар жалпы отырыс бітпей жатып-ақ брифинг өткізуге асықты.

«ҚР тұңғыш Президенті – ұлт көшбасшысы» мәртебесі қазақстандық даму жолының беріктігінің кепілін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді брифингте заң жобасына бастамашы депутаттың бірі Әмзебек Жолшыбеков. Депутаттың айтуынша, Елбасының қызметін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін анықтайтын «ҚР тұңғыш Президенті туралы» Заң мемлекеттің негізін қалаушының рөлін толық көлемде анықтамайды.

Ал жаңадан ұсынылған заң жобасында тұңғыш Президенттің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне қол сұқпаушылық кепілдіктерін беру жайы да ұсынылған. Депутаттардың айтуынша, ұлт лидері туралы заң жобасында өмір бойына президенттік институтын енгізу қарастырылмаған. «Заң жобасында «Елбасын мәңгіге сайлау» тәрізді нормалар жоқ. Тек қана «ұлт көшбасшысы» деп қана толықтырылмақ. Бар болғаны сол», – дейді Әмзебек Рысбекұлы.

«АЛАШ АЙНАСЫ» МИНИСТРЛЕРДІ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ШАҚЫРУҒА ТҮРТКІ БОЛМАҚ
Кеше Парламент Мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев газетіміздің №71 санын қолына алып, «АҚШ-та төгілген мұнай – Атырауға сабақ» деген тақырыппен шыққан материалдағы проблеманы келесі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында талқылауды ұсынды.
– «Алаш айнасы» газетінде «АҚШ-та төгілген мұнай – Атырауға сабақ» деген тақырыпта үлкен бір мақала шығып отыр. Орал Байғонысұлы, осыған байланысты Парламент Мәжілісінің келесі отырысына мұнай және газ министрін, қоршаған ортаны қорғау министрін, сонымен қатар шетелдік компаниялардың өкілдерін шақыртып, осы мәселе жөнінде сөйлетсек, – деді Ирак Елекеев Мәжіліс төрағасына қарата.

ӨРЕСКЕЛ ҚАТЕЛІКТІ СӘРПЕКОВ БАЙҚАП ҚАЛДЫ
Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Аталмыш заң жобасында денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру, медициналық жедел жәрдем көрсету мәселелері қарастырылған.

«Қаржыландыру мәселесіне келер болсақ, Қазақстан тарабы – Төретам және Ақай кенттеріндегі, ал Ресей тарабы – «Байқоңыр» кешенінің аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландырады», – деді денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.

Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмекті, аталған кенттердегі санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды заңнамаға және осы келісімге сәйкес, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау ұйымдары мен Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ұйымдары жүзеге асырады.

«Ал Ресей Федерациясының азаматтарына, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарына жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмекті Ресей тарабының уәкілетті органы, федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың бөлімшелері көрсетеді», – деді министр.

Бұдан басқа Мәжіліс депутаттары бүгін пленарлық отырыста «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасы бойынша Сенатпен келіспеушіліктерді жою жөнінде келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ күн тәртібіндегі бір ғана заң жобасынан басқа барлық заң жобалары мақұлданып, қабылданды. Күн тәртібінен алынып тасталған заң жобасы – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталатын. Абырой болғанда, бұл заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков қырағылық танытып, өрескел қателікті тапты. Бұл заң жобасында қазақ тілінде жазылған бір тармақша, орысшасында енгізілмепті. «Қазақша жазылған мәтін орысшасымен сәйкес келмейді. Ертең бұл заң қолданыста қалай болмақ? Бұл тек қана редакциялық қате емес, бұл жерде білдей бір заңның нормасы өзгеріп отыр», – деген депутат заң жобасын күн тәртібінен алып тастауды ұсынды.

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Нұрсұлтан Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер-жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған, Джордж Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди сияқты жеке дара тұлғаларға тән көшбасшылық қасиетімен жарқын күндерге жол бастаған Елбасымыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Президент қана емес, қазіргі заманға лайықты мемлекет – Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, республиканың қарқынды экономикалық өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізген және барша өркениетті әлем мойындаған тұлға.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста