Украинада ешкімді қалдырмаймыз, барлық азаматтарды алып шығамыз – ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Украинада әскери әрекеттер жүріп жатыр. Және елден тек Қазақстан азаматтары ғана емес, басқа ел азаматтары да кеткісі келеді. Біз қазақстандықтар үшін бар жағдайды жасаймыз. Киевте 8 ғана дипломатымыз бар. Қазақстандықтарды Польша шекарасына жеткізуде елшілік өкілдері бірге барып жатыр. Бірақ, мамандарымыз жетпейді, елшілікте де біреу қалу керек. Отандастарымызды шекараға жеткізген соң, елшілік өкілдері қайтып келіп, келесі топ адамдарды жолға алып шығады» - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Украина мен Польша шекарасында қазақстандықтарды елшіліктің өкілдері күтіп тұр.

«Олар тізім бойынша біздің азаматтарды тексеріп, одан әрі шығарып салады. Шекарада 2 елдің де кеден қызметі шұғыл әрі төтенше режимде жұмыс істеп жатыр. Бастысы олар түсіністікпен қарайды және өте сыпайы. Біздің дипломаттар Украина қалалары мен Польша шекарасы арасында жанталасып жүр. Сондай-ақ, жедел желі жұмыс істеп тұрғанын еске салайын. Украина шекарасындағы ұзынсонар кептеліс 20-40 шақырымды құрайды. Біз ешкімді қалдырмаймыз, барлық азаматтарды алып шығамыз», - дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста