Алматы облысындағы Ұйғыр ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы демалыс орнының директорынан 700 доллар пара алып жатқанда құқық қорғаушылардың қолына түсті.
Бұл туралы 24kz хабарлайды.
Ол кәсіпкердің әкімшілік жауапқа тартылмауына және жеке бизнесін емін-еркін жалғастыруына жағдай жасаймын деп уәде берген. Ал Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Әлмағанбетов бөлім жетекшісімен жең ұшынан жалғасып, арам пиғылын жүзеге асырған. Олар кәсіпкерден 200 мың теңге пара алған.
Қызылордалық мемлекеттік қызметкерлер қылмысын мойындады. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
kaz.365info.kz