Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жетісай ауданының аумағында заңсыз қару сақтау фактісін анықтады.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, тұрғындардың бірінің үйінен тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық мылтықты тапты. Тәртіп сақшылары заңсыз сақталған атыс қаруын тәркіледі.
Бұл факт Жетісай аудандық полиция бөліміне тіркеліп, бүгінде барлық қажетті іс-шаралар атқарылуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Естерте кетсек, Түркістан облысы аумағында "Қару" іс-шарасының 4 тәулігінде тәртіп сақшылары заңсыз сақталған, тіркелмеген 20 қару тәркіледі.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтауға және қолдануға байланысты қылмыстардың жолын кесуді анықтауға бағытталған мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі