Түркістан облысында есірткі сатушылардан 3,5 келіден астам марихуана тәркіленді

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түлкібас аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, есірткі құралдарын сақтау және өткізу фактілерінің жолын кесті.

Мәселен жедел уәкілдер есірткі сақтады деген күдікпен Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Сезіктіден марихуана салынған 1 полиэтилен пакет тәркіленді. Сондай-ақ, ер адам есірткі затын Түлкібас ауданының тұрғынынан сатып алғанын жеткізді.

Полицейлер одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, есірткі сатуға қатысы бар екі күдіктіні, Түлкібас ауданының тұрғындарын ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер олардан 2 қағаз орамасын, 2 шыны ыдысқа салынған және 1 полиэтилен пакеттегі есірткіге ұқсас затты тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қорытындыға сәйкес алынған есірткі заттары жалпы салмағы 3,5 келіден асатын "кептірілген марихуана" болып шықты.

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста