Түркістан облысында аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Түркістан облысында аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Естеріңізге сала кетсек, 24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзенінде жергілікті тұрғынның жоғалып кетіп, іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды.
Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті "дрон" пайдаланылып, оның көмегімен әуеден бақылау шаралары атқарылды. Іздеу 10 күннен астам уақытқа созылды. Үздіксіз және жан-жақты іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған адамның денесі бүгін, яғни 6-наурыз күні су бетінен табылып, жағаға шығарылды.
Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста