Түркістан облысында 13 миллион теңге қарызы бар автокөлік жүргізушісі анықталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жолдардағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалап қана қоймай, әкімшілік айыппұл немесе берешек төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтауға көмектеседі. Мәселен Түркістан облысы ПД ЖБО-ға Сарыағаш ауданының сот орындаушысынан қаржы мекемелерінің біріне 13 миллион теңге берешегі бар Түркістан қаласы тұрғынының автокөлігін ұстау туралы өтініш келіп түсті. Кезекшілер ЖБО бақылау камераларының көмегімен облыс орталығы мен республикалық маңызы бар жолдарды тексерді. Сондай-ақ автокөліктің қозғалысын тіркей алатын бейнежазбаларды мұқият қарап, патрульдік полиция экипаждарын борышкердің көлігін тоқтатуға бағыттады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі сағат ішінде республикалық маңызы бар трассалардың бірінен "Тойота" маркалы автокөлікті анықтады. Операторлар деректерді патрульдік полиция инспекторларына тапсырды, олар аталған көлікті тоқтатып, айыптұраққа қамады.
Өз кезегінде сот орындаушысы жедел басқару орталығының басшылығына қарызды төлеуден жалтарған жүргізушіні анықтауда көрсеткен жеделдігі мен жәрдемі үшін алғысын білдірді.
ПД ЖБО бастығы Сәбит Бақтығалиев атап өткендей, 2023 жылдан бастап ЖБО операторлары бейнебақылау камералары пайдалана отырып, жүргізушілері әкімшілік айыппұлдар мен қарыздарды төлеуден жалтарған 20-ға жуық көлікті анықтаған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста