Түркістан және Жамбыл облыстарының аралығын жалғап тұрған жол учаскесіндегі қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлағандай, жол ауа райының нашарлауына байланысты жабылған.
«Алматы – Ташкент –Термез тасжолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында және Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Жамбыл және Түркістан облыстарында орналасқан жол бойында көліктің барлық түріне жүруге рұқсат жоқ.
Республикалық тасжолдарды күтіп ұстау жұмысына 540 арнайы техника мен 1050 қызметкер жұмылдырылды.