Түркиядағы қала расымен әкімнің арқасында аман қалды ма - Маман түсіндірді

Түркияның Хатай провинциясындағы Эрзин ауданы жер сілкінісінің эпицентріне салыстырмалы түрде жақын болса да, онда ғимараттар құламады, адам шығыны да жоқ. Мұны бірі жемқорлықтың жоқтығының арқасы десе, мамандар басқа себебін көрсетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.

Түркиядағы Хатай провинциясы жер сілкінісінен көп зардап шексе де, ондағы Эрзин ауданы ғана зілзаладан аман шықты. Онда ешқандай ғимарат құламаған, тек үйлерге зақым келген. Аудан бірінші жер сілкінісінің эпицентрінен 100 км шақырым жерде орналасқан.

“Шүкір, біздің аймақта жәбірленушілер жоқ. Тек біздің ғимарат кішкене бұзылды”, – деді тұрғындардың бірі.

Осыдан кейін түркиялықтар бұл Эрзин әкімі Оккеш Эльмасоглуның арқасы деп пайымдады.

“Мұның себептері көп. Геологиялық себептер де бар шығар, өйткені мұнда көбінесе бірқабатты үйлер. Ғимараттар ұқыпты салынған. Үйлер бір-бірінен барынша алшақ орналастырылды. Алты қабаттан биік үйлер жоқ”, – деді әкім Оккеш Эльмасоглу.

“Бетоннан салынған бір қабатты тұрғын үй аман қалды. Өйткені құрылысы ережелерге сай. Қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Қалада құрылысшылар көп емес, барлығы дерлік жергілікті тұрғындар. Мұнда заңсыз әрекет орын алмады, құрылыс материалдары да жымқырылған жоқ”, – деді инженер-құрылысшы Бурхан Ялман.

Әкімнің айтуынша, ол заңға бағынғысы келмейтіндермен барынша күресті.

“Лицензиясыз құрылысты бастай берейін дейтіндер болды. Мені көз жұма қарайды деп ойлайды шамасы. Мен бұған жол бере алмаймын”, – деді әкім.

Аудан Искендерун бассейнінде орналасқанымен, бірақ ақау сызықтары арқылы өтпейді.

“Бассейн құмтас, малтатас, мергель шөгінділерімен толтырылған. Осман және Дертйол көрші қалалары жыныстары қалың қабатта жататын ойпаттарда орналасқан, ал Эрзин биік жерде тұр. Бұл толықтай қаланың жартасты тау жынысында тұрғанына байланысты. Эрзиннің орналасуы апаттан құтқара алды”, – деп мәлімдеді инженер-геофизик Али Йылдызель.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Түркиядағы қала әкімнің саясатының арқасында аман қалғаны хабарланды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста