Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мәйіті елге жеткізілді

Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті елге жеткізілді. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қаза тапты. Олардың мүрдесі Хатай өлкесіндегі Антакья қаласында толықтай қираған ғимарат үйінділерінің астынан табылды. Бүгін олардың мәйіті Отанына жеткізілді», - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетсек, Түркияның Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында 9 ақпан күні таңғы сағат 9-да үйінділер астынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші мүрде - Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

Ал 10 ақпанда Мирболат Құрмашевтің денесін құтқарушылар үйінді астынан алып шыққаны белгілі болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста