Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

Осыдан аттай 57 жыл бұрын белгілі ботаник ғалым Борис Скупченко Балқаш көлі маңынан биіктігі – 30 метрлік, діңінің жуандығы 1,5 метр болатын тораңғы бұтасын суретке түсіріп алыпты. Осынау алып ағаш жағалауы тасты шөлмен астасқан Көкше теңіздің қай тұсынан кездесті екен ғалымға?! Әдетте құмдауытқа бітетін тораңғы, сірә, Балқаштың батыс жағалауындағы Бетпақдала мен Табақтың тақыры аталатын тасты шөл алабынан кезіккен болар? Ал қазір...

Қазір Балқаш жағалауында өсетін тораңғы бұталары аумағы небәрі 48 гектарды алып жатқан «Тораңғы» ботаникалық қаумалында арнайы қорғауға алынған. Осы аймақ тұрғындарының айтуынша, осыдан жиырма шақты жыл бұрын Балқаштың солтүстік жағалауындағы құм бұйратты алапта тораңғының шамамен 2000-нан астам жеке бұтасы болған. Былтырлары бас-аяғы 200-дей (!) ғана қалыпты.

Тораңғының қасиеті жайлы ел ішінде аңыз көп. Ел киелі деп санайтын осынау ағаш соңғы жылдары отын ретінде жаппай шабылып, қазір таза құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Картаны жайып тастап қарасаңыз, тораңғының тамыр тарта бой тіктейтін алабының солтүстіктегі ең қиыр шеткі нүктесі осы өңір – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Орта Дересін селолық округіне қарасты территорияда екен.

Аталмыш қаумал да осы округте орналасқан. Бұл аймақта тораңғы тоғайлары осы ауданға қарасты Тораңғылық селолық округі мен «Балқаш-9» деп шартты аталатын әскери бөлім аймағында аздап кездеседі. Бірақ қаумал аумағына жатпайтындықтан, арнайы қорғауға алынбай жатқан, жақын болашақта құмды дала көркі болар киелі ағашты таппай қалуымыз да әбден мүмкін. Тамыры он метрден әрі тереңдеп, бойына тартқан ылғалы шаң-тозаңды басып, ауаны оттегімен байытатын тораңғы жойылса, аптап ыстық қарыған бұл өңірдің экологиялық ахуалы нашарлаған үстіне нашарлай берері анық. Сусыған құмға пана боп, тамырымен жер қыртысын жамаған тораңғы шын мәнісінде шұғыл көмекке зәру.

Осыдан бірер жыл бұрын туған өлке табиғатының күрделі ахуалына жаны ашыған Орта Дересін орта мектебінің оқушылары аймақты көгалдандыруға, шөлейт жерлерді абаттандыруға қатысты бірнеше жобалар ұйымдастырған екен. Сол кездері оқушылар тораңғы бұтасының ұзын-саны 200-ден әрең асатынын анықтаған. Ал оқушылар бастаған шымыр шаруа үлкендер мен экологтар тарапынан дамытуға сұранып-ақ тұр еді. Өкінішке қарай, бұл шара танымдық-экскурсиялық қалыпта ғана қалып қойған.

Балқаш көлінің солтүстік-батыс өңірінде кезінде Қызылкеңгір тоғайы, Ақсортопырақ тоғайы, Кеңаңғар, Мыңшұқыр, Шұңқыр, Бақтай, Малөзек тоғайлары сынды тораңғы, жыңғылы араласа өскен бірнеше шоқ тоғайлар болушы еді. Қазір бұл тоғайлардан жыңғылды ғана көресіз, тораңғы атаулы қалмаған.

42

Тоқсаныншы жылдарда эколог ғалымдар осы аймақта бір-екі рет ұйымдастырған форум, басқосуларда Балқаш суының тартылуы, жағажайлардың флора-фауналық жағдайлары қаусап тұрғаны туралы едәуір әңгіме болған еді. Қытайдан бастау алатын Іле суының жетіспеушілігімен бірге, тораңғы тоғайларының сиреп кетуін сөз етер осындай алқалы басқосулар жиі болғаны керек елге. Себебі Балқаштың тасты шөлмен шектескен тұсындағы мыс балқыту зауыты мұржаларынан шығатын улы түтінді залалсыздандыруда осы өлкеде табиғи жабайы қалыпта өсетін бірден-бір ағаш – тораңғының маңызы аса зор. Тораңғы бұталары қолмен егіліп, күтім көрсе, жайқала өсуі де оңай, аймақты жасыл желекке орап, жедел көбейгіш қасиетке ие. Өкініштісі, Орта Дересін маңындағы 48 гектар қаумалда ғана бұйыға өсіп тұрған тораңғы топтала бой көтермей тұр. Егер Балқаш жағалауын курорттық шұратқа айналдырамыз десек, тораңғы тоғайын өсіруді қолға алу міндетті шаруа болмақ.

Қазыбек ҒАЛИХАНОВ, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры:
– «Тораңғы» мемлекеттік ботаникалық қаумалы 2008 жылы құрылды. Алып жатқан аумағы өте шағын. Біздің бағыныста болғандықтан, бір орманшымыз сол тарапты қорып отыр. Жалпы, заңдылық бойынша, 48 гектар алқапқа жеке орманшы бөлуге болмайды. Штаттық кесте бойынша, аумақ едәуір үлкен болса ғана орманшыға жұмыс орны ашылады. Бірақ көз алдымызда сиреп бара жатқан қаумалдың жай-күйіне құр қарап отырамыз ба? Қаумал Балқаш көлінің жағалауынан 10-12 шақырымдай сыртқары орналасқан. Құмдауыт алапта. Қорғауға алынған ағаштардың дені 35-45 жаста. Жас бұталары да бой көтеріп келеді. Жергілікті жұртшылықтың көзқарасы қазір түзелген. Ағаш діңдерінің жуандығы 30 сантиметрдей ғана. Биіктігі 3-4 метрдей. Біз қолдан келген шаруаны істеуге тырысамыз...

Алаш-анықтама
Тораңғы (латынша: Populus diversifolia) — терек тұқымдасына жататын көпжылдық ағаш. Дiңi түзу, жуандығы кейде 1 метрге жетедi, қабығы сұрғылт, таспа тәрiздi сыдырылады. Өркендерi бастапқыда нәзiк түктi, кейiн түксiз, түсi қоңыр сарғылт. Сәуiрде гүлдейдi, мамырда жемiс бередi.

Тораңғы топтанған тоғай (тораңғыл деп аталады) түрiнде де, жеке дарақ ретiнде де шөлдi-шөлейт аймақтарда, құмды қолат баурайларда, тұзды-сортаң тақырларда, өзен аңғарлары мен жағаларында өседi.
Сырт келбет-пiшiнi мен жапырақтары көгiлдiр терекке ұқсастау келедi. Тораңғы сол саялы ағаштың жабайы түрi iспеттес. Жұртшылық отын ретінде пайдаланып, құрып бара жатқандықтан, соңғы кезде Қазақстанның «Қызыл кiтабына» енгiзiлген.

Тораңғы — тұзды және құмды сусыз шөлдерде табиғи жағдайда өсе беруге қабiлеттi бiрден-бiр биiк дiңгектi, жапырағы мол ағаш. Ол ауаның жылылығына, желдiң күшi мен дымқылдың тапшылығына қарамайды.

Қоршаған ортасына тап осылай бейiмделiп үлгерген бұл ағаш шөлдi аймақтың күрт өзгерiстi, континенттiк қатал жағдайына жақсы шыдайды. Ағаш жапырақтарының суды аз буландыруы, тамыр жүйесiнiң жақсы дамуы мен оның 10 метрден әрмен тереңдiктегi жерасты су көздерiнен нәр ала беретiнi оны осындай дәрежеге жеткiзген. Әр тораңғы орта есеппен жыл сайын бір тоннадан аса шаңды ұстап қалып, 1,5 мың литр оттегi бөледі.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста