Травматикалық тапаншаға тыйым салынады

Травматикалық тапаншаға тыйым салынады

«Ішкі істер органдары туралы» жаңа заң бойынша, 2016 жылдан бастап травматикалық тапанша­ларды қарапайым адамдар ұстай алмайтын болады. Бұл талап бұзылған жағдайда, қомақты мөлшерде айыппұл салынады. Азаматтардың қолдарындағы суық қаруларды мемлекетке сатып алу үшін қазынадан мил­лиард теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Ішкі істер министр­лігінің мәліметіне сүйенсек, қазірдің өзінде біздің елде 23 мың травматикалық қару бар екен. Құзырлы орган азаматтардың қолдарындағы қаруларды жинап алып, оны тек қызметтік мақсатқа пайдалануға рұқсат бермек. 2016 жылға дейін мемлекетке қаруын өткізбеген тұлғалар әкімшілік жауапкерші­лікке тартылады.
– Жаңа заң қабылданғаннан кейін травматикалық қарулар тек заңды тұлға­лар­да ғана болады, – дейді Атырау облыс­тық ішкі істер департаментінің бөлім бастығы Талғат Өсеев. –  Мұнайлы мекенде  мыңнан астам қару есепте тұр. Қазір мұндай қаруларды алуға рұқсат беру тоқ­татылды. Сондай-ақ құқық қорғау орган­дарында лаңкестікке, ұйымдасқан қыл­мысқа қатысы бар ретінде тіркеуде тұрған адамдарға травматикалық қару­лар­ды алуға, сақтауға, ұстауға тыйым салынады.
Аталған қаруды азаматтық айналыстан алып тастау туралы заң кейбір жандардың наразылығын туғызып та отыр. Олар алды­мен қаруды мемлекеттің арзанға бағалап отырғанын айтады. «Мысалы, «Ока» травматикалық пистолеті 40 мың теңге тұрады, бұдан қымбаттары да бар, – дейді  Асқар Бақдәулетов есімді азамат. – Оны бізден осы бағаға кері сатып ала алмайды ғой. Сосын травматикалық қару – адам­дар­дың өз-өзін қорғауына қажетті зат, ертең оның бәрін жинап алғанда, қылмыс, ұрлық-қарлық өршіп кетпесіне кім кепіл? Олай болса, пышақты қолдануға да тыйым салынсын, шын мәнінде, оқтан емес, осы пышақтан зардап шегетіндер көп».
Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл пікірмен келіспейді. Олар травмати­калық қаруларды жеке адамдардың қолынан алғанда, керісінше, қылмыс та азаяды деген сенімде. Ал жыл басынан бері Атырауда травматикалық тапанша қолданылған екі қылмыс тіркеліпті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста