Көлігіңіздің дөңгелегі тозса, қоқысқа тастамаңыз.
Бұлқұркеңесемес, еліміздегі барлық тізгіншілерге жасалған қатаңес керту. Себебі экологиялық заң талабына сәйкес мұндай ескірген шиналар енді тек арнайы белгіленген орындарға тапсырылуы тиіс. Сондай орындардың бірі – астаналық Kaz RR кәсіпорны. Серіктестік тозығы жеткен шиналарды тонналап қабылдауға дайын тек жарамсыз дөңгелегін тапсырып жатқандар аз.
Тапсырыстың аздығынан тұралап, таяуда қайта ашылған зауыт қазір қалыпты жұмыс істеп тұр. Мақсат – жылына жарамсыз өнімнің 30 мың тоннадан астамын ұнтақтау. Экологиялық пайдалы іске білек сыбана кіріскен 15 жұмысшы тек бір ауысымның өзінде ескі шинаның 1000-ға жуығын ұсақтайды.
Серік Ақпанбетов, цех басшысы:
- Осы наурыз айынан бастап таза өнім, резеңке түйіршіктерінің 20 тоннадайын сатып үлгердік. Қазір көріп отырғандарыңыздай, мына автокөліктердің дөңгелектері күніне 10-15 тоннадай шамада жиналады. Бұл ауыз толтырып айтарлықтай жағдай болғанымен, біздің зәулім зауытымызға шикізат жеткізілксіз.
Қажетті шикізатпен әзірге, 4-автопарк, «Астана Тазарту» серіктестігі мен санаулы дөңгелек жөндеу бекеттері ғана қамтамасыз етіп отыр. Жоғары сапалы неміс құрылғылары қажетті өнімді ысырапсыз жинауға мүмкіндік береді.
Технологиялық желідегі кәдеге жарату үдерісі екі кезеңнен тұрады. Алдымен тозығы жеткен дөңгелектердің тыстары мына құрылғыға салынып, мынадай, 10-15 сантиметрлік көлемде ұсақталады. Одан әрі барлық шикізат тасымалдағыш арқылы түйіршіктеу құрылғысына жөнелтіледі. Жарамсыз өнімдерді сұрыптаудың нәтижесінде таза резеңке ұнтақтары, тоқыма капрон және болат сымдар алынады, яғни зауыттың қалдықсыз өндірісі қалыпты жүйеге қойылған.
Алайда шикізаттың аздығы өнім көлемін көбейтуге қолбайлау болып тұр. Ескі дөңгелектерді арнайы орындарға жеткізуді міндеттейтін заң шыққалы екі жылдан асты. Сәйкесінше, оның орындалуы қатаң қадағаланып келеді.
Ерлан Уахитов,Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің инспекторы:
- Күн сайын тазалық тәртібін бақылауда ұстаймыз. Өткен жылдан бастап қоқыс алаңдарында ескі дөңгелектерді қабылдау толық тоқтатылды. Бұл талап орындалмаса, заңды тұлғалар 30, ал жеке тұлғалар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Егер экологиялық талапты екі етпей орындайтын болса, Астананың автотұтынушылары жылына 6 мың тоннадай ескі шина жинап беруге қауқары бар. Бұл үш айлық өндірісті қамтуға жетерлік шикізат. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артып, тапсырыс арта қалса, зауыт жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірді артық-ауыс қоқыстан арылтуға айрықша үлес қоспақ.
Авторлары: Рымбек Қабиден, Ержан Қанапияұлы, Ерлан Наурызбаев