Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жоятын Конституциялық заңға қол қойды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген хабарламада.