Тоқаев: 2022 жылдың соңына дейін Nur Otan төрағасы қызметінен кетпекпін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде 2022 жылдың соңына қарай Nur Otan партиясының төрағасы қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Еліміз өз дамуының өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсініп, Nur Otan партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды топтастыру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайын екенімді білдіреді. Бұл ретте мен мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс cъезінде.

Оның айтуынша, бұл президенттің кез келген партия мен қозғалыстан алшақ болатынын білдіреді.

"Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін осы жылдың соңына қарай менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық ету мәселесіне қайта ораламыз", - деді Тоқаев.

Тоқаев елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін ұсынғанын, Nur Otan оны іске асыруға белсене араласып, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуға тиіс екенін жеткізді.

Бұл үшін Nur Otan өзі жаңаруы тиіс. Айтуынша, бұл партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құруды қажет етеді.

Елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.

Съезге бейнеконференция саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдардың өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста