Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні" қарсаңында, Леңгір қаласындағы орталық стадионында футбол үйірмесінің ең жас қатысушылар арасында жолдастық кездесу өткізді.
Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында спорт пен дене тәрбиесін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін күшейту, балаларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу.
Шарада түрлі тартысты ойындар мен жаттығу жұмыстары жүргізілді. Мерекелік спорттық шара соңында полицейлер балаларды мерекелерімен құттықтап, қатысқан барлық ойыншыларға медальдар үлестіріп, олардың көңілдерін қуанышқа бөледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі