Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы бойынша ерекше іс-шара өтті. Жиын Төлеби АПБ бастығының орынбасары Ғалымжан Тұрашбеков пен Төлеби аудандық ПБ -нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы полиция капитаны Ақмарал Боташеваның ұйымдастыруымен өтті. Басты тақырып "Әйел-құқығы, Адам -құқығы".
Іс-шараға арнайы қонақтар шақыртылды. Мәселен психолог Зарина Кульжанова, ата-аналармен тренинг жүргізіп, ерекше серпіліс сыйлады. Сондай-ақ әжелер алқасының төрайымы Айдаркүл Рахишова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Отбасы да сыйластық ынтымақтастық барда, ешқандай зорлық-зомбылық болмайтынын жеткізді.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері әрбір жиында жастарға, жас отбасыларға өмірлік ақыл кеңестерін айтып отыратын ақжаулықты аналарға алғыстарын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі