Әлемге әйгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов анасының басына зиярат ету үшін Атырауға келіп, жергілікті журналистерге аз-кем уақытын бөлді.
Бұл туралы Ақ жайық басылымы хабарлайды.
Бекмамбетов бұрынғыша Мәскеу мен Лос-Анджелестің арасында жүретінін, «Бен-Гур» атты ірі жобада жұмыс істеп жатқандығын айтқан.
Сонымен қатар шетте жүрсе де, Қазақстандағы туыстарына телефон соғып, елдегі жаңалықтарды сұрап тұратынын жеткізген.
Ол жасы үлкейген сайын елге жиі келуді ойлайтынын және өзінің руын әлі ұмытпағанын, «шеркеш» руынан шыққанын айтты.