«Тіл жанашыры» анықталды

«Тіл жанашыры» анықталды

Қарағандыда тағы бір байқау мәреге жетті. Дәлірек айтқанда, облыс бойынша жарияланған «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздары анықталды. Ана тіліміздің тұғырын биіктетуге арналған байқауға облыстағы түрлі ұйым қызметкерлері қатысып, бақ сынасты. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мерейін тасытып, мәртебесін асыру.
Байқаудың жеңімпаздарына облыс әкімінің дипломымен қатар, қомақты ақшалай сыйлықтар табыс етілді. «Тіл май­тал­маны» аталымы – Қарағанды «Бола­шақ» университеті жанындағы «Мирас» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мәуен Хамзинге табыс етілді. «Мемлекеттік тілді насихаттаушы үздік ұлттық-мәдени орталық» аталымымен «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы мара­пат­тал­ды. Облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Алмагүл Игенова «Үздік оқы­тушы» деп танылды. «Тіл жаршысы» аталымын қанжығасына байлаған – Қазақ­стан Журналистер одағының мүшесі, облыс­тық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Жұлдыз Тойбек. Орыс­тілді басылымдар арасында бұл аталым облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің Жезқазған қала­сындағы меншікті тілшісі Валентин Шипуновқа бұйырды. «Үздік телехабар» аталымы қазақтілді телебағдарламалар арасында «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының редакторы Әділ­бек Құмарға, орыстілді телебағдар­ламалар арасында Сәтбаев қа­ласындағы жекеменшік телеарна редакторы Гүлмира Аманжоловаға табысталды. Қарағанды қалалық ішкі істер департаменті Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің бастығы Ерғали Қожабеков «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» аталымында үздік деп танылды. «Қазақ тілі – болашағым» ата­лы­мы да қазақ ұлтының жастары және өзге ұлт жастары арасындағы екі жеңімпазға тапсырылды. Оны Е.Бөкетов атын­дағы Қара­ғанды мемлекеттік универ­ситетінің магистранты Ербол Сармурзин, «Жәйрем КБК» АҚ-ның экономикалық жоспарлау бөлімінің экономисі Максим Ентальцев иеленді.
Бауыржан ӘБДІШЕВ, Қарағанды облы­сы­ның әкімі:
– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «Мемлекеттік тіл – Отанымыз бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран сияқты ныша­нымыз. Ол еліміздің барлық азамат­тарын біріктіруді көздейді» деп нақтылап отырады. Ұлт Көшбас­шы­сының салиқалы саясатының арқасында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәрте­бесін алды. Тіл туралы арнайы заң қабыл­да­нып, жүзеге асырылуда. Күн санап аза­мат­тарымыздың қазақ тілін меңгеруге деген құл­шынысы артып келеді. Бүгінгі шара – мемлекеттік тілді дамытуға сүбелі үлес қосушыларды дәріптеу және халықтың шынайы алғысының бел­гісі.

Өңірде мемлекеттік тілді меңгеру үшін бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мекемелер мен кәсіпорындарда тіл оқыту­шы курстар ұдайы өткізіліп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста