Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылауда қабылданған жаңартулар
2021 жылдың екінші жартыжылдығында күшіне енетін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң үш айдан астам уақыт Мәжілісте өте белсенді талқыланды. Бұл заң жобасымен таныстырған кезде, Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осы заң жобасын әзірлеу кезіндегі негізгі міндет тұтынушыларды қауіпті өнімнен қорғап қана қоймай, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру барысында, отандық тауар өндірушілерге артық жүктеме түсірмей, қолдау тетіктерін енгізе алатын заң қабылдау болғанын атап өтті.
Ең алдымен Заңдағы жаңалықтар туралы атап өткім келеді. Бұл – анықтау – сынау – тыйым салу және нарықтан шығару.
Заңнаманы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу үшін субъектіге бармай профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізіледі. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаты – бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Негізгі жаңарту – субъектілерді қадағалаудан объектілерді қадағалауға көшу. Өнім техникалық реттеу саласындағы қадағалау объектісі, ал қадағалау субъектісі – оған қатысты иелену, пайдалану құқығына ие тұлға болып табылады. Осылайша, өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексеріледі.
Бұл үшін зертханалық сынақтар жүргізу мақсатында қауіпсіз емес өнімнің үлгілерін іріктеу рәсімі енгізіледі.
Өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру кезінде техникалық регламенттердің талаптарын анықталған бұзушылықтарды талдау, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың болмауы, Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдері тізілімінде мәліметтердің болмауы осындай іріктеу үшін негіз болып табылады.
Үлгілердің құнын және сынақтар жүргізуге арналған шығындар, өнім үлгілерін іріктеу бюджет қаражаты есебінен жұмсалатын болады .
Өнімнің техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, жұмсалған үлгілердің құны және сынақтар жүргізуге арналған шығындар тексерілетін тұлғалардың есебінен жүргізіледі.
Отандық нарықта қауіпсіз емес өнім айналысының дереу жолын кесу мақсатында Заң жобасымен Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жедел ден қоюдың құқық шектеуші шаралары қарастырылған. Бұл расталған сынақ нәтижелері бойынша қауіпті өнімді айналымға шығаруға және алып қоюға тыйым салу.
Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі зертханалық сынақтардың нәтижелерімен дәлелденген қауіпті өнім алып қоюға жатады.
Өнім таңбалау бөлігінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген кезде өнім алып қоюға жатпайды.
Бұл жағдайда айналымға шығаруға тыйым салу туралы қаулы беріледі.
Айта кетейік, алып қою жөніндегі шараларды нақты дәлел болған жағдайда ғана іске асырылады, ал өнімді айналысқа шығару тыйым салуы, бұзушылықтарды жойған кезге дейін ұзартылады.
Қауіп төндіретін бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) Өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі;
2) оған қатысты сәйкестік бағалауынан өтпеген техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген өнімді айналысқа шығаруды қамтиды;
3) сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болмаса немесе Техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде осындай құжаттардың болуы туралы мәліметтер болмаса
Заң жобасындағы екінші жаңалық – сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіру, сертификаттау процестерін цифрландыру. Ол үшін сәйкестік сертификатының «иесінің» құқығы туралы түсінік енгізіліп, жазылған. Сондай-ақ сынақ процесін фото-бейне тіркеу процесін жүргізу көзделеді.
Бұдан басқа, сынақ базасының болуына қойылатын талаптар белгіленеді және кейіннен мемлекеттік органдардың және Еуразиялық экономикалық комиссияның деректер базасымен интеграцияланатын Техникалық реттеу тізілімі бірыңғай тұғырнамасында қалыптастырылатын болады. Осы шараларды қабылдау нәтижесінде сертификатталмаған өнім нарығы қысқартылатын болады.
Экономиканың салаларында техникалық реттеу күшейтіледі. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде келіссөз ұстанымын сапалы қалыптастыру мақсатында салалық мемлекеттік органдар жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін қайта форматтау көзделеді. Сондай-ақ, ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібі қайта қаралды және бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесін құрудың құқықтық процессі белгіленді. Қазақстанда тиісті зертханалық практиканы дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде Қазақстандық сынақ хаттамаларын мойындауға серпін береді.
Егер мақұлданған жаңа енгізілімдер туралы айтатын болсақ, өнеркәсіптік және азық-түліктік емес өнімдерге мемлекеттік бақылауды қайта бастауды, сәйкес келмейтін өнімдерге тыйым салуды және алып қоюды, сертификаттардың күшін жоюды атап өтуге болады.
Айта кету керек, өз проблемаларымен бетпе-бет қалған отандық өндірушілер, бұл өзгерістерді ұзақ күтті.
Осылайша, бұл жаңартулар Қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға, отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын қорғауға, Қазақстанның өзіне пайдалы позициясын кәсіби қорғауға бағытталған.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта техникалық реттеудің негізгі проблемалары нарықты қауіпті өнімнен қорғаудың тиімсіз жүйесі, сондай-ақ өндірушілердің өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын қорғауы үшін оның әртүрлі салаларда жеткіліксіз қолданылуы болып табылатынын атап өткен жөн.
Толық ақпаратты сіздер, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2 үй. 3 қабат. Байланыс телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Электрондық адрес: Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Құралбек ҚЫЗҒАРИН,
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік
қадағалау және бақылау
жөніндегі мемлекеттік инспектор.