Чехияның Простеев қаласында қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан юниорлар командасы Словения командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
14 жасқа дейінгі теннистен юниорлар командасының құрамында Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Даниэль Тазабеков бар.
Команда капитаны Сергей Квак бірінші ойынға Даниэль Тазабековті қойған. Свит Сульичке қарсы ойында Даниэль салқынқандылық танытқан. Бірінші сетте 4:6 есебімен жеңілгеніне қарамастан, тай-брейкте қарсыласын басып озып, 7:6 есебімен жеңді.
Үшінші партияда Даниэль 4:1 есебімен алға шықты. Алтыншы геймде Сульич медициналық тайм-аут алған. Кейін қазақстандық спортшы ойынды 6:2 есебіне дейін жеткізді.
Екінші болып кортқа Заңғар Нұрланұлы мен Жига Шешко шықты. Бірінші сетте Заңғар Нұрланұлы 6:4 есебімен жеңді. Партия басында қарсыластар брейкпен алмасқан. Заңғар екінші сетте де басымдық танытып, 6:4 және 6:3 есебімен жеңді.
5 тамызда қазақстандық юниорлар Германия командасына қарсы ойын өткізеді.