Бала 7 желтоқсанда үйден шығып, ата-анасымен енді байланыспаған.
"Бала 7 желтоқсанда жоғалып кетті. Ата-анасы бүгін полицияға барды. Анасы жұмысқа кеткенде ұлы үйде болған. Бірақ әкесі келгенде бала үйде болмапты. Ұлымен хабарласа алмайды. Телефоны өшіруді. Бүгін оның жоғалып кеткенін хабарлады", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Нұржігіт Сәлімбаев 2010 жылы дүниеге келген. Ол денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Көк түсті күрте, қалпақ, қара джинсы шалбар және етік киген. Оның қайда екені туралы білетіндер мына телефондарға хабарласа алады: 8 702 981 25 01, 8 708 352 64 60, 8 705 326 86 98 немесе 102.