Тек «Б» әрпінен басталатын сөздермен жазылған бата-тілек Желіде кеңінен таралуда

Қазнетте тек «Б» әрпінен тұратын 150-ден астам сөзден басталатын бата-тілек әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таралуда.

Бата-тілектің басты көтерген мәселелері: Отансүйгіштікке тәрбиелеу, бөтен бағытты жолдарға түсуден сақтандыру, отбасы берекесін сақтау, болашаққа байыппен қарап, елдің дамуына "судың бір тамшысындай" болса да үлес қосуға шақыру.

Көпшіліктің көңілінен шыққан жазбаны назарларыңызға қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

"Бабаларымыз бажайлаған бағыттан басқа бағдарға бұрылмаңдаршы!
Бармысыздар, бұндағы бағасы биік, бағамы берік бауырластар!
Бағзыда, баяғыда бақилық болған батыр бабаларымыз бажайлаған бағыттан басқа бағдарға бұрылмаңдаршы!
Бәріміз де бабаларымыздың бір-бір балаларымыз. Байламсыз, бағыты беймәлім бағытқа (байқаусызда, байқамай болса да) бармасаңыздар, бабаларымыздың бізге берген батасына біз бөленбесек те, бәлкім бантикті, бәйшешектей бойжеткендеріміз бен балауса балғын бозбалаларымыз.., бәлкім бесіктегі бүлдіршіндеріміз бөленер?!
Бір-біріңді бөтендікке бастамаңдар, бауырмашыл болыңдар.
Бір-біріңмен бекерден-бекер бажылдаспай, бадырақкөздей бажыраймай, болар-болмасқа бадыраңдамай, бей-берекет байбаламдамай, бұғалықтағы бұқадай бақкүндес, бақталас болмай, бет-бетімен былапыттамай, балағаттамай, бар бақытты бағалап, бұл базархананың беделін биіктетіп, бет-бейнесін безеулемей, барынша безендіріңдер.
Бейнамаз болмаңыздаршы!
Байыпты, байсалды болып, байрағымызды биіктетіп, береке-бірлігімізді бекемдете беріңіздер!
Бәсеңсімей, босамай, бұқпай, бұлтақтамай, бұқара боп, бірауыздан берік бел байласып, бүкіләлемдік байрақты бәсеке-бәйгеде басқалардан бұрын болайық!
Бәріңіз де білдей бай-бақуатты болыңдар, бірақ байлыққұмар болмаңыздар!
Биыл бәріңіз баспаналы болыңыздар!
Бойдақтарға бас бітсін: белдерін босатуға батылсыз білектілеріміз бәйбішелі болсын, басы бос бұрымды бойжеткендер байлы болсын!
Бай-бәйбішелеріміздің бесіктеріне бөпелер бөлене берсін!
Баршаңыз баладай бақытты болыңыздар!"

reactor.inform.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста