Тазы – ұлттық құндылық

Тазы – ұлттық құндылық

Павлодарда қазақтың аңға салатын тазы десе ішер асын жерге қоятын әуесқой және кәсіби кинологтердің жиыны өтті. Кереку жерінде алғаш рет өткен халықаралық шара Қазақстан мен Ресей кинологтерінің басын қосты. Құмай тазы өсірудің қыр-сырымен бөліскен 150-ге жуық саятшы мен сарапшы маман бұл кәсіпті халықаралық деңгейде дамытып, барынша дамыту қажеттілігін алға тартты.
Жеті қазынаның бірі – тазы өсіру шар­уа­шы­лығының болашағына алаңдаушылық білдіріп, тіпті парасатты жануарды халық­аралық ұйымдарға тіркеп қоюды ұсынып жатты. Мамандардың айтуынша, тазы тұ­қым­дасын өсіруді бір ізге түсіру мақ­са­тында әзірленген арнайы құжат бар. Олар «тазы туралы арнайы заң қабылданса, нұр үстіне нұр болар еді» дейді.
– Таза қанды қазақ тазыны өзге ит тұ­қымдастарынан бөліп алу қажет. Себебі тазы асыраушылардың саны жетіп-арты­лады. Өсіру тәсілдері сан алуан. Сонымен қа­тар жануарды халықаралық ұйымдарға тіркеу қажет. Осы орайда мұндай жиын­дар­дың берері мол, – дейді сарапшы маман Алексей Лепегов.
Бекболат ЫСҚАҚОВ, тазы өсіруші, Ақсу қаласы:
– Қазіргі таңда тазы өсіру шаруашылығы таңсық дүниеге айналып бара жатқандай. Киелі жануарларды мерекелерде ғана кө­ретін болдық. Бұл – ұлтымыздың тари­хымен бірге жасасып келе жатқан көшпенді өмірдің құнды жәдігері. Кәсіпті дамытпасақ – бізге сын. Тазы иесінің қоғамдағы әлеу­меттік орны жұртшылық тарапынан әйгі­леніп тұратыны тарихтан белгілі. Кезінде та­зы саятшылық құралы ғана емес, қазақ ауыл­дарының асыраушысы да болған. Жырт­қыштарға қаймықпай қарсы барып, қайсарлық, батылдық қасиеттерге ие. Ата кәсіпті дамытушылардың бірі атанғаныма дән ризамын.

Татьяна ШАХМАТОВА, тазы өсіруші, Новосібір қаласы:
– Қазақ халқы тазыны «ит», «төбет» деп атамағанын білемін. Шынында да, ол – қасиетті жануар. Тумысынан ақылдылығы мен адамға жақындығы ерекше бау­рады. Жиынға Айлакер және Норби есім­ді тазыларымды алып келдім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста