Тасқынға — тосқын, алқапқа береке болар Көксарай

Тасқынға — тосқын, алқапқа береке болар Көксарай

Қазақстан Президенті биылғы өңірлерге алғашқы сапарын алдымен Оңтүстік Қазақстан облысынан көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы қарсаңында бастады. Мемлекет басшысы Арыс ауданын аралады. Мұнда Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары бағдарламасының басты оқиғасы – Көксарай су реттегішінің бірінші кезеңінің ашылу рәсімі өтті.

Осы ірі объектіні іске асыру әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстағы қиындыққа қарамастан қолға алынған еді. Су қоймасының жобалық көлемі 3 миллиард текше метрді құрайды. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін су деңгейі сақталып, Шардара су қоймасы арқылы су жіберуде апатсыз жағдай қамтамасыз етіледі. Көксарай су реттегішін салудың нәтижесінде Сырдария өзені бойындағы елді мекендерде су тасқыны қаупі жойылып, құрғақшылыққа қарсы тұруға мүмкіндік молаяды, жергілікті өңірдің экологиялық ахуалы жақсара түседі. Бұдан басқа қыс мерзімінде таза су қоры жиналып, суармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі.

– Мен мұнда осы су реттегішті салған құрылысшыларды, су инженерлерін құттықтауға келдім. Кейінгі кезде Оңтүстік Қазақстан облысына өте үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Жетісай жақтан көпір салынып, Өзбекстан арқылы айналып өтетін тәуелділіктен құтылып едік. Енді, міне, суға тәуелділіктен құтылдық. Индустриялық бағдарламалардың ішіндегі ең үлкен нысан Көксарай су реттегіші болып есептеледі. Дағдарыс кезінде үлкен қаржы бөлу оңай болған жоқ.
Бірақ бұл халықтың қамы үшін жасалған қадамдар. Биылғы су көп болып отырған жылы біз бұл жерге Сырдарияның артық суын жібереміз. Егер су реттегіш болмағанда, биыл өзен ағысынан төмен аудандар мен Қызылорданы су басып қалған болар еді. Бізде енді Көксарай бар, бұл жақсы іс. Енді Қызылорда су тасқынынан қорғалып отыр. Жыл сайын біз бөгеттер салуға, судан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіруге қомақты қаржы жұмсайтынбыз. Көксарай қазірдің өзінде мол су қабылдап жатыр және бұл игі іс бізге Сырдарияның төмен жағындағы су тасқынының алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Көксарай – біздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын іске асыруға жасаған бірінші қадамымыз. Менің осы ғаламат объектінің құрылысына атсалысқан барлығыңызға үлкен ризашылығымды білдіргім келеді, — деді Н.Назарбаев Көксарай су реттегішінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Оңтүстік Қазақстан облысында 420 мың гектар суармалы жер бар. Осының бәрін тиімді пайдаланатын болсақ, бүкіл Қазақстанды көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге болады екен. Қазірдің өзінде Көксарай 1 млрд текше метр су қабылдай алады. ҚР ТЖМ «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Тоқтарбек Баймолдаевтың айтуынша, мамырда бөгетті бетондау басталмақ, ал 2012 жылы қыста Көксарай жобадағы 3 млрд текше шақырым су көлемін қабылдай алатын болады. Жалпы құны 52 млрд 346 млн теңге болатын жобаның құрылысына 1860 маман мен 744 техника жұмылдырылған.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы керамогранит өндіретін зауыттың ашылу салтанатына қатысты. Бұл жаңа зауыт үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларының бірінен саналады. Итальяндық жабдықтар орнатылған зауыт жобасын жүзеге асыруға осы салада үлкен тәжірибеге ие түріктің Seramist Toprak Sanai Ve Tigaret Limited Sirketi фирмасы 34 миллионға жуық қаржы жұмсаған. Қаржының басым бөлігін — 31,8 миллион доллар соманы — несие түрінде Қазақстанның Даму банкі беріп отырса, қалған 4 миллион долларды — түрік инвесторлары салып отыр. Құймалардың біріне «Құтты болсын!» деп жазған және өз қолтаңбасын қалдырған Елбасы одан кейін кәсіпорын басшылығы — түрік инвесторларымен әңгімелесті және оларға табыс тіледі.

«Қазақстанның соңғы 15 жылдағы қарқынды дамуы, Президент Н.Назарбаевтың саясаты, инвестицияларға жасалып отырған жағдайлар — осының бәрі біздің ынтымақтастық үшін сіздердің елдеріңізді таңдауымызға үлкен әсер етті», деді өз сөзінде түрік компаниясының директорлар кеңесінің президенті Мехмет Жошкун.
Қазақстан жыл сайын шетелден 40-50 миллион долларға керамогранит сатып алады екен. Зауыт басшылығының айтуынша, жаңа кәсіпорын осынау құрылыс материалымен бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ете алады.

Кәсіпорынның еңбек ұжымының өкілдерімен пікірлесу барысында жұмысшылар облыстың барлық тұрғындары атынан Президентке барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізіп отырғаны үшін алғыстарын айтты. Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысына сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалдық даму картасы таныстырылды.

Сондай-ақ Президент облыстық филармонияның жаңа ғимаратының ашылуы рәсіміне қатысты және оңтүстікқазақстандық әртістердің осынау атаулы оқиғаның құрметіне берген алғашқы концертін тамашалады.
Айта кету керек, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония бұған дейін бірнеше жыл бойы апатты жағдайда тұрған ескі ғимаратта орналасып келді. Облыс басшылығы ескі ғимараттың орнына жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылдады «ARNA жоба» серіктестігінің жобасы бойынша «А-арнаулы құрылыс» акционерлік қоғамы орындаған құны 900 миллион 920 мың теңгені құраған 450 орындық филармонияның акустикасына Елбасы жоғары баға берді.

ОҚО-ға жасаған жұмыс сапарын қорытындылай келіп, президент, өзінің өңірлерге жасаған алғашқы сапарын Оңтүстік Қазақстаннан бастап отырғаны кездейсоқ еместігін атап өтті.

– Мұнда еліміздің халқының 15 пайызы мекен етеді. Екінші жағынан жан басына шаққандағы өндіріс көлемі тым аз. Қазақстан халқының алтыдан бір бөлігі тұрғанымен өнеркәсіптің 2 пайызы ғана бар. Бұл — тым аз. Тұтынатын барлық бюджеттің 20 пайызы ғана облыста өндіріледі де, қалған 80 пайызы — мемлекет көмегі, субсидиялар мен трансферттер. Сондықтан Шымкент пен жалпы Оңтүстік Қазақстан облысын еліміздің өркендеу ошағына айналдыру міндеті тұр. Бұл үшін барлық шаралар қарастырылып жатыр», — деп атап өткен Елбасы облыстың, негізінен, бюджет дотациясында отырғанына қынжылыс білдірді. Сондықтан Елбасы өңірдің дамуының мүмкіндігі ретінде тоқыма өнеркәсібі дамып жатқан арнайы экономикалық «Оңтүстік» аймақты мысалға алып, биыл екі фабрика және келесі жылы тағы екі фабрика қосу жоспарланғанын, келешекте Өзбекстаннан да мақта алып, Шардара маңында, Жетісай қаласында мақта өңдейтін зауыт салып, дайын өнім алу перспективасы бар екенін айтты.

Тарихи жоба төтенше жағдайлардан құтқаратын болады

Хамитжан Болатов, зейнеткер:
– 40 жылдан астам су саласында қызмет істедім. Сіздің тікелей тапсырмаңызбен салынған Көксарай су реттегіші — тарихи жоба, тарихи құрылыс. Экономиканы көтеретін, төтенше жағдайлардан құтқаратын болады. Сондай-ақ, Арыс, Отырар аудандарының су шаруашылығын дамытуға үлкен әсерін тигізеді. Мұны қосымша тұрақты жұмыс орны, қосымша өнім көзі деп білеміз. Мақта өсірумен айналысатын диқандарымыздың көп жылдан бері шешілмей келе жатқан су тапшылығын шешетін болады. Сізге үлкен рақмет аутуға рұқсат етіңіз.

Айтулы құрылысқа атсалысқаным — мен үшін мақтаныш

Бақытжан Жусанбаев, жас маман:
– Су қоймасының құрылысына мен сияқты 260 жас маман қатысып отыр. Айтулы құрылысқа атсалысқаным — мен үшін үлкен мақтаныш. «Жол картасы» бағдарламасының арқасында өзім секілді қаншама жастың жұмыспен қамтылғаны үшін жастар тарапынан Сізге айтылар алғысымыз мол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста