Қорғаныс министрлігінде генералдардан құралған жаңа ансамбль әйелдер үшін әнші болуға дайын екендерін көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Генералдардан құралған жаңа ансамбль өнер жұлдыздарына қауіпті бәсекелес болуы мүмкін. Себебі погонды қызметкерлердің жұлдызды жұбы әйелдер мерекесіне қарсы жаңалық ашты.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Facebook желісіндегі жеке парақшасы хабарлады.
«Сіздер, генералдар тек бұйрық беруді біледі деп ойлайсыңдар ма? Жооооқ! Біздің генералдар ән айтып, билей де алады. Оған халықаралық әйелдер мерекесіне арналған кеште көзіміз жетті. Генералдар мен министр орынбасарларының жалынды қойылымдары Қазақстан Республикасының әскери саласында жүрген барлық әйелдерге арналады. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасарлары генерал лейтенант Оқас Сапаров, Берік Шолпанқұлов, генерал майор Талғат Мұхтаров, Нұрлан Сауранбаевтар генералдардан құралған квартет құрып, «16 қыз» әнін шырқады. «Дос Мұқасан» тобы деп ойлап қалмаңыз, әнді шырқап жатқан «Дос Генерал» тобы», - делінген минитрлік парақшасында.
Мерекелік кешке ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетовтың өзі қатысып, нәзік жандыларға құттықтау арнаған.
nur.kz