Тас түнектегі Тастүбекте тұңғыш рет жарық жанды

Ғылым мен техника көз ілеспес жылдамдықпен қарыштап дамып жатқан қазіргі заманда өмір бойы сығырайған білте шамға қарап отырған ауылдар да бар екен. Қызылорда облысы Арал ауданындағы Тастүбек ауылының құрылғанына 80 жылға жуықтаса да, олар әлі күнге электр қуаты дегенді естігенімен, көрмеген болып шықты.

Жақында аталмыш ауылда «Ильич шамы» самаладай жарқырағанда жергілікті жердегі жұрт бөркін аспанға атып қуанды. Олай демеске лаж жоқ. Арал теңізінің қолтығында қоныс тепкен  шағын елді    мекен тұрғындары кешегі кеңестік кезеңде де электр қуаты дегенді білмей келді. Аудан орталығы Арал қаласынан 150 шақырымға жуық қашықтықта жатқан ауылдағылар мұңына күні кешеге дейін ешкім құлақ аса қойған жоқ.

Облыс басшысы Болатбек Қуандықов аймақ тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етуге баса назар аударып отыр. Осының нәтижесінде биылғы жылдың басында он жылдан бері жарықсыз отырған облыстағы 10-нан астам елді   мекендегі жұртшылық жарықпен қайта жүздескен еді. Енді, міне, Тастүбек ауылы да осындай игілікке қол жеткізіп, бір-бірінен сүйінші сұрап жатқан жайы бар.

Тастүбек ауылында 20 шақты отбасы тұрады. Тұрғындар саны 100-ге жуық. Облыс басшысының бастамасымен аталмыш елді мекенді жарықпен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті қазына қазанынан 81 млн теңгеден астам қаржы қаралып, аталған игілікті іс жүзеге асты. Көршілес Мергенсай ауылынан 30-40 шақырымға жуық аралықта электр желісі тартылды.

Қазыбек АЙТБАЕВ, Тастүбек ауылының тұрғыны:
– Біз осы ауылда қаншама жылдан бері тұрамыз. Негізгі тіршілігіміз – балық шаруашылығы. Ауылдың құрылғанына 80 жылға жуықтаса да, жарық дегенді көрген емес едік. Тұрғындардың өтініші жүзеге асқанына қуаныштымын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста