Әрбір күні таңмен таласа полицейлер сап түзеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызметке кіріседі. Ал Сайрам аудандық полиция басқармасының ауласында күнделікті қызметкер сапқа тұрады.
Яғни олардың жұмыс барысы саптық жиыннан басталып, әр қызметкердің киім үлгісінің талапқа сай болуы, қызметтік куәлігі, бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы, қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік автокөліктің жағдайы тексеріледі. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, азаматтармен қарым-қатынастың маңыздылығы мен этикалық нормалары жіті ұғындырылады.
Полицейлерге келген бағдарлар, басшылықтың нұсқаулары мен талаптары, тапсырмалар таныстырылады.
Тәулік ішінде аудан аумағындағы жедел жағдай туралы ақпараттандырылып, іздеудегі адамдардың бағдарлары көрсетіледі. Заңнама мен сақтық шаралары туралы хабардар етіледі.
Аталған саптық жиыннан кейін сайрамдық тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті қорғау бойынша өз міндеттеріне кіріседі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі