Тараздан тағы бір Алтын адам табылды

Тараздан тағы бір Алтын адам табылды

Тарихы тереңнен сыр шертетін Тараз қала­сы­нан осы уақытқа дейін та­лай жәдігерлердің та­былғаны белгілі. Кү­ні кеше археологтер еліміздің тарихына тың үлес қосатын тағы бір құнды мұра табылғанын жа­рия етті. Кезінде бүкіл әлемнің назарын аударған Есік қорғанынан табылған Алтын адамға ұқсас жәдігердің сы­нықтары Тараз қала­сы­нан табылып отыр.
«Баласағұн» концерт залында археологтер кішігірім көр­ме ұйымдастырып, табылған жәдігерді жұрт на­зарына ұсынды. Мұндағы көрмеге қойылған құнды жәдігердің толық нұсқасы емес. Сақ дәуіріне жататын кезеңнен сыр шертетін бұйымдар. Негізінен, оның басым бөлігі патша сауытының бөлшектері. Ғалым­дар­дың айтуынша, ескі қорған бірнеше мәрте тоналған көрінеді. Көне дәуірден бері сақталып келген саф ал­тындар суыққолдылардың қоржынында кетсе керек. Сақ патшасының әскери сауытын әшекейлеген 40-қа жуық алтын бұйымдары табылыпты. Арасында төрт басты қыран құс бейнеленген ерекше туынды да бар. Коллекционерлер мұны баға жетпес құнды дүние деп отыр. Алдағы уақытта Тараз қаласының іргесіндегі Жеті төбеден табылған сауыттың бөлшектерін біріктірмекші. «Сол кезде барлық құрандыларды біріктіргенде Алтын адам­ның сауыты шығуы мүмкін» дейді ғалымдар. Бүгін­гі күнге дейін тек екі қорған ғана қазылған. Қалған бес қорғанға әлі күректің тісі тимеген. «Алтын сауытпен ап­талған жәдігердің қалған бөлін­ділері сол жерден та­былуы мүмкін» дейді археологтер. Табылған дүниелер Есік қорғанынан табылған Алтын адамға өте ұқсас. Яғ­ни сақ патшасының киім бөлшектерінен айнымайды. 
Дмитрий ВОЯКИН, «Археологиялық сараптама» ЖШС-нің директоры:
– Ескі қорған облыс орталығынан 18 шақырым қа­шық­тықта жатыр. Өткен жылы екі қорғанды ар­шы­дық. Ол патша қорғаны болып шықты. Сонда жүр­гізілген археологиялық зерттеу жұмыстары үл­кен нәтиже беріп отыр. Қазылып алынған құнды жә­ді­герлер – патшаның алтыннан құйылған сауытының бөл­шектері. Есік қор­ғанынан табылған Алтын адам­мен дәлме-дәл келеді. Та­былған дүниелердің басын бі­ріктіргенде, бәлкім, екін­ші Алтын адам болып шы­ғуы да мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста