Қыздың анасы баланы пәтерге қамап, азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен.
Таразда гвардияшылар баланы құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиға 8 желтоқсан күні кешкі уақытта болған. Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің жасағы тұрғын үйдің 5-қабатындағы балконда терезеден секірмек болған қызды байқап қалған.
“Әскери нарядтың басшысы қатардағы сарбаз Ерден Ауған радиостанция бойынша кезекшіге және учаскелік инспекторға болған оқиға туралы дереу баяндаған. Олар келгенге дейін, баламен сөйлесіп, сарбаздар уақыт созды. Учаскелік полиция қызметкері келгенде олар қыздың анасын шақырып, пәтерге кірді, – делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, қыздың анасы баланы пәтерге қамап, азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен, ал қызы оны тастап кетті деп ойлаған.