Тараз орталығында белгісіз біреулер 16 жастағы жігітті ұрып соққан - жасөспірім жедел жәрдем клегенге дейін қайтыс болды. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлайды. Қайғылы оқиға 20 қыркүйекте Абай даңғылының бойында болған.
Қайтыс болған жасөспірім биыл колледжге оқуға түскені белгілі болды. КТК телеарнасының мәліметінше, студент қызды қорғаймын деп қайтыс болған. Оқиға болғанға дейін қыздың туған күні тойланып жатқан. Достар үйіне қайтпақшы болып, орталық алаңда серуендеп жүрген. Осы кезде олардың алдынан бұзақылар шыққан. Кугерлердің айтуынша, олар бір қыздың шарын жарған. Осыған жігіт наразы болған сәтте, бетінен соққы алған. Жігіт бетонды қабырғаға құлаған. Бұзақылар оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілерді іздестіріп жатыр - төр жігіт. Соққы жасаған адамға 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. "Осы дерекке қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша жүргізіп жатыр. Күдіктілерді жедел іздеу және ұстау шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.