Танымал боксшы Мұхтархан Ділдәбековтің жары колледж директоры болып тағайындалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің екінші жары Альбина Елшиева конкурстық негізде Шымкенттегі №2 колледж директоры болып тағайындалған.
Боксшының жұбайы 2011 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып, 2012 жылы Мұхтархан Ділдәбековке тұрмысқа шықты.
Кейін декреттік демалысқа кеткен соң 2015 жылы бұл басқарма атауы өзгертіліп, басшылық «креслоға» Қуандық Құлажанов тағайындалды.
Алайда 2016 жылы Елшиева ханым облыс әкімдігі аппаратын өзін қызметтен заңсыз босатты деп сотқа шағым түсіріп, судья талапкердің арызын қанағаттарндырған да болатын.
Бірақ Альбина Елшиева бас педагог қызметіне қайта отырмады.