Талғар қаласы маңында иттердің терісі көмілген қорым табылды. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 25 сәуірде әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында "Кеңдала" кентінің аумағындағы мал қорымы туралы бейнежазба анықталды.
"Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша Талғар аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазір қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облыстық Полиция департаментінің бақылауына алынды.