ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі өтті

Нью-Делиде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он сегізінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

 
Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда, киберқылмыспен күрес, терроризм мен экстремизмге, заңсыз қару мен ескірткі айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ШЫҰ қызметінің маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің мүддесін ескере отырып, қауіпсіздіктің негізгі аспектілері бойынша өзара іс-әрекеттерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Жиын қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының келесі кездесуін Қазақстанда  өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Үндістан Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен екіжақты келіссөз жүргізіп, өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Олар  екі елдің қауіпсіздік кеңесі аппараттары арасындағы кеңестің төртінші кезеңін Астанада өткізу жөнінде уағдаласты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста