Қазақстанға атақты қолбасшы Шыңғыс ханның 29-шы ұрпағы Пурев Давааням арнайы сапармен келді. Бұл оның елімізге осымен бесінші рет келуі. Қазақ жеріне ат басын бұруының басты мақсаты – Шыңғыс хан философиясын насихаттау екен.
Бүгінде Пурев Давааням Ұлан-Батордағы Шыңғыс хан атындағы академияны басқарып отыр. Құрылғанына 18 жыл болған аталмыш оқу орны әлем бойынша Шыңғыс ханның философиясын таратуда. Ұрпағының айтуынша, Ұлы қаған жайлы деректерге жаһанның 140-тан астам мемлекеті қызығушылық танытып отыр. Сондықтан Қазақстан соның ішіндегі елдердің бірі болса екен, – дейді Пурев Давааням.
khabar.kz