Шындық детекторын шекпенділер ғана емес, шенділерге де қолдануға не кедергі?

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Құқық қорғау қыз­меткерлерін та­зар­­тып, оған ең ла­йық­тыларды іріктеп алу реформасы бұдан әрі де жалғасады. Бұл мақсатта алдағы уақытта орган қызметкерлерін қабылдамас бұ­рын оларды полигра­фо­ло­гиялық зерттеу арқылы тексерістен өткізу көзделуде. Кеше Парламент Мәжілісі дәл осы норманы көздейтін «Құқық қорғау қызметі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Алдымен полиграфологиялық зерттеу дегеннің не еке­нін түсіндіріп өтсек. Полиграфология дегеніміз – адамның же­келеген физиологиялық әсерлерін (тыныс алуы, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және т.б.) арнайы датчиктердің кө­мегімен тіркеп отырып жауап алу рәсімін білдіреді. Одан да қарапайым тілмен полиграфты «шындық детекторы» (тү­сі­нікті болуы үшін деген әдетпен орысшаласақ, «детектор лжи» – авт.) деп атасақ та болады. «Көптеген елдерде по­ли­граф арқылы құқық қорғау қызметіне қабылдау міндетті ат­рибуттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, зерт­теулерге сүйенсек, полиграф арқылы адамнан жауап алу сол алынған ақпараттың нақтылығын білдіреді. Сонымен қа­тар әлгі жауап берушінің құпия ұстанатын фактілерін де осы арқылы әшкере етуге болатын бірден-бір мүмкіндік са­налады», – дейді жаңа тетіктің төркіні туралы баяндаған Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель. Расында, бұған де­йін Елбасы тарапынан біршама сынға ұшыраған  Қа­зақ­станның құқық қорғау органы халыққа жақындаудың ама­лын арттырып отырғаны байқалады. Полиция секілді жұрт құқын қорғаушылар арасында шыншыл, репутациясын кір шалмаған, өз ісіне берілген кадрлар тапшы екендігі бұған дейін де талай айтылды. Кешегі аттестаттаудың да басты мұраты сол болатын. Дегенмен жыл бойғы шараның нә­ти­жесі де жұрт күткендей болмағаны жасырын емес. Сон­дық­тан да әсіресе құқық қорғау органдарының қыз­мет­кер­ле­ріне қатысты мұндай тың тетіктерді түлеткен орынды.
Иоган Давидовичтің айтуынша, полиграфты қолдану тәр­тібін ел Үкіметі айқындағанымен, құқық қорғау орга­ны­на қызметке алу барысында ол тәсіл міндетті түрде қол­да­нылатын болады. Сосын мұндай зерттеуді әскери-дә­рі­гер­лік комиссия жүзеге асыратын болады. Айтпақшы, по­­ли­графологиялық зерттеулер полицияны қызметке алар­да ғана емес, қызметтік тергеу-тексерулер арасында да қолданылуы мүмкін. Мұны да жыл басындағы жиында Ел­басы Н.Назарбаев тапсырған болатын. Яғни алдағы уақытта ат­тестаттау мен қызметтік тергеулер барысында жауап алу рә­сіміне әскери-дәрігерлік комиссиядан бөлек, кадрлық қыз­мет мамандары да қатысады. Осылайша алдағы уақытта полиграфология зерт­теулерін пайдалану біршама бағытта өрбуі мүмкін. Дегенмен «шындық детекторын» пайдалану арқылы не ұтамыз? «Кандидаттардан жауап алу арқылы олар­дың бұған дейін заңға қайшы әрекет еткен-етпегенін бай­қаймыз.

Оның қылмыс әлемімен байланысы, кри­ми­налдық қылтың-сылтыңының бар-жоқ­тығы да анықталады. Сосын жем­қорлықтан жи­рене ме, жоқ сыбайластыққа жы­ғыла кете ме, ол да білінеді», – дейді де­тектордың тетік­те­рін санамалап шыққан Иоган Меркель.
Осылайша, алдағы уақытта поли­гра­фо­ло­гия зерттеулерін пайдалану біршама бағытта өрбуі мүмкін. Дегенмен шындық детекторын пай­далану арқылы не ұтамыз? «Кан­ди­дат­тардан жауап алу арқылы олар­дың бұған де­йін заңға қайшы әрекет еткен-етпегенін бай­қаймыз. Оның қылмыс әле­мімен байланысы, кри­миналдық қылтың-сылтыңының бар-жоқ­тығы да анық­талады. Сосын жем­қор­лық­тан жи­рене ме, жоқ сыбайластыққа жы­ғыла кете ме, ол да білінеді», – дейді де­тек­тордың те­тік­терін санамалап шыққан Иоган Мер­кель.
Талқылау барысында белгілі бол­ға­нын­дай, депутаттардың бірі полиграфты қол­даса, екіншісі детектор арқылы қыз­мет­кер таңдау­дың тиімділігіне сеніңкіремеді. Мә­селен, мә­жі­­ліс­мен Тұрсынбек Өмір­зақов мұны құқық қор­ғау органдарына ға­на емес, сыбайлас жем­­қор­лыққа бейім тұратын мемлекеттік ла­уа­­зым­дарға да кеңінен қолдану қажеттігін ал­ға тар­тады. «Мысалы,  АҚШ-та қандай да бір жа­уапты лауазымға кіріспес бұрын сол орынға кан­дидат адамға полиграф қолданылады. Ен­деше, бізге де неге мемлекеттік қызметке қа­былдар алдында осындай зерттеулерді пай­даланбасқа?! Бұны тереңдету керек. Құқық қор­ғау, ҰҚК, Шекара қызметі деп әрбір ор­ганға қатысты неше түрлі тәртіп орната бер­ген­ше, неге бізге полиграф туралы арнайы заң қабылдамасқа?» – дейді Тұрсынбек Өмір­зақов. Сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын ла­уазымдар арасында полиграфты қолдану жө­ніндегі мұндай ұсыныс прокурор Иоган Мер­кельге майдай жақты. «100 пайыз қол­даймын. Кейбір қызметтер шынымен де «бар­мақ басты, көз қысты» дертіне тез бой үйретіп ала­ды. Ендеше әлсін-әлсін детекторға салып тұр­ған жөн ондайларды», – дейді Меркель мыр­за. Бірақ прокурор депутаттың тиек еткен АҚШ-тағы полиграф мәселесін мүлдем те­ріс­ке шығарды. «Керісінше, АҚШ-та азаматтарды полиграфологиялық зерттеулерден қорғау туралы заң шыққан-ды. Өйткені бұл мәселе ке­зінде үлкен қоғамдық мәнге ие болып, он­дай зерттеулер барысында асы­ра­сіл­теу­ші­лік­тер, асырапайдаланушылықтар бай­қалды. Сондықтан да ондағы азаматтар тіпті бұндай тексеруден заң арқылы қорғануға мәжбүр бо­лып жатыр. Түптеп келгенде детектордың ен­гізілуі сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл бо­лып, халықтың құқық қорғау органына деген се­німін арттыруы қажет», – дейді Меркель.
Депутат Асхат Бекенов шындық детек­то­ры­на­ сенеміз деп сан соғып қалатын жайт­тарға үңі­леді. «Адам ағзасының, санасының же­тілуі, мүмкіндігі шексіз ғой. Ендеше пси­хо­логиясы мығым адам әлгіндей аппаратты да ал­дап соқпай ма?» – дейді Асхат Са­ға­би­ден­ұлы. Бақ­сақ, ондай да болады екен. Дегенмен мың­нан біреу ғана детектордың дірілін ай­на­лып өте алады.  «Тәжірибе жүзінде полиграфты еш­­­кім алдап көрген емес. Дегенмен арнайы да­­йындықтан өткен азаматтар (барлаушы, тың­­шы секілді – авт. ) ғана бірдеңе етуге ты­рысып, сол арқылы белгілі бір нәтижеге қол жет­кізуі мүмкін. Бірақ жалпылама жұрт­шылықтың бәрі бірдей олардың деңгейінде емес. Әлемде полиграфологиялық зерттеулер 80-98 пайызға дейін шынайы баға береді деп есептеледі», – дейді Меркель. 
Ал депутат Айткүл Самақова жемқорлыққа қа­тыс­тылықты тексеретін детектордың өзі «жем­­қор» болып шықса қайтеміз?» деп айды ас­панға бір-ақ шығарды. «Нақтырақ айт­қан­да, де­тектор емес, соны басқаратын адам – по­ли­­гра­фологтердің өзі сыбайлас болып шықса ше? Өйткені ол өзінің алдына келетін жұрттың тағ­дырын уысында ұстап тұр емес пе?», – дей­ді Айткүл Байғазықызы. «Онда мүлдем құ­рыған шығармыз»  дегіміз келген еді. Мұн­дайға қатысты Меркель мырза әу бастан «жа­­ман ойдан аулақ болуға шақырды». «Заң­ды да, жақсы бастаманы да нашар адамдарға қарап жазбайықшы. Заңды дұрыс, жақсы адамдар үшін арнап жазайық. Егер қандай да бір заңбұзушылықтар орын алса, оны құқық қорғау органдарының еншісіне қалдыралық», – деумен шектелді Меркель мырза.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы алдағы уақытта екінші оқылымға түсетін болады.
Масс-медиа және коммуникация  институты керек
Дәстүрлі сауал жолдау барысында депутат Алдан Смайыл бүгінгі БАҚ-тың жайын жыр­лады. Депутат алдымен «Ақпараттық Қа­зақстан–2020» бағдарламасының өзекті тұс­та­рына тоқталып өтіп, мемлекеттік ақпараттық сая­саттың мәселелерін тілге тиек етті. «Қа­зақстандық телевидениенің бүгінгі шы­ғар­машылық деңгейі еларалық бәсекеге сай емес, – деп бірден кесіп айтты Алдан Зей­нол­ла­ұлы, – БАҚ және кино салалары, ме­диа­биз­нес, телеарналардағы режиссерлік-опе­ра­тор­лық қызмет, осы заманғы телетехника ин­женерлері, жаңа сипаттағы ақпарат құ­рал­дарының менеджменттік және маркетингтік сая­сатын қалыптастыратын кадрлар даярлау қолға алынбаған. Бұл ғана емес, қазақстандық телеарналарды шетелдік арзанқол бағ­дар­ла­ма­лардың сәтсіз көшірмелері жаулап алған».
Сосын Алдан Зейноллаұлы халықаралық тә­жірибеге жетік тележурналистердің  жоқ­ты­ғы­нан шетелдік телерадио кор­по­ра­цияларымен шығармашылық байланыс ор­на­тыл­май отырғанын айтты. «Біз олармен саяси, мә­дени-рухани тақырыптарда сүбелі жо­ба­ларды бірге жасай алар едік. Аталған ол­қы­лықтардың орны толмай, «Ақпараттық Қа­зақ­стан–2020» мемлекеттік бағ­­дар­ла­масының жо­басында қарастырылған мақ­­сат­тарды жүзеге асыру мүмкін емес. Қыр­уар қаржы бө­лініп енгізіліп жатқан сандық те­левидениенің мүм­кіндіктерін де толық пайдалана ал­май­мыз», – дейді депутат. Оның айтуынша, мұн­дай кемшілікке себеп көп. Дегенмен, де­пу­тат­тың пайымынша, мұндағы басты олқылық – елі­міздің жоғары оқу орын­да­рындағы жур­на­листика факультеттерінің оқу бағ­дар­ла­маларының ескіруінде. Олардың ғы­лыми-тех­никалық базасы жұтаң. «Сон­дық­тан же­­келеген оқу орындарындағы фа­куль­тет­тер­ді оңтайландыру арқылы Астанада бар­лық жа­ғынан қамтамасыз етілген, ше­­тел­­­дердің аталған саладағы жетекші оқу орын­­дарымен тығыз қарым-қатынаста  жұмыс іс­тейтін Мас­с-ме­диа және комму­никация  инс­титутын ашу ке­рек. Ақпараттың ұлт пен мем­лекеттің өмі­ріндегі қазіргі және ертеңгі ай­рықша ықпалын ес­кере отырып осылай жа­сауға тиіспіз. Бұл институтты Вашингтондағы ға­ламға мәшһүр Телевидение және ра­диохабарларын тарату академиясы немесе Нью-Йорктегі теле және радио өнері фа­культеті үлгісінде ұйымдастыра алар едік», – дейді Алдан Зейноллаұлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста