Шымкенттік болжаушы: Биыл­ғы көктем жаңбырлы болып, жаңбыр шілде айына дейін жалғасады

Сәуір айының жаңбырлы болып басталуы, кей күндердің суық болуы диқан қауымды ойландырып отыр. Олар алдағы ауа райының қандай болатынын білгісі келеді. Осыған орай шымкенттік ауа райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай өз болжамдарымен бөлісті.
«Биыл да 22-наурызда халық болжамдарына, табиғат заңдарына сүйеніп, аспан денелерінің қозғалысына қарай отырып болжамдар жасадым.. Менің болжамымша, биыл­ғы көктем жаңбырлы болады, жаңбыр шілде айына дейін жалғасады. Шілдеде де жаңбыр жауып кететін күндер кездеседі. Егін егемін дегендер құрғақшылық болады деп қорықпай-ақ іске кірісе берсе болады.

Суармалы емес, тәлімі жерлерге егін егетін адамдардың табиғатқа тәуелді екені белгілі. Олар бидай, жоңышқа, мақсары тұқымын, жанармайды, тыңайтқышты сатып алады. Өзінде қаржы болмағандықтан банктен несие алатындар да бар. Олар шығынды қайтаруы, қарыз өтемін беруі керек. Ал ол үшін бітік егін алу қажет, банкрот болмауы тиіс. Сондықтан да шаруаларға керегі – ұзақ мерзімдік ауа райының болжамы. Осы орайда оларды биылғы жыл жаңбырлы болатынын айтып қуантқым келеді», – дейді Нұрғабыл Қозыбай.

Сонымен қатар ол тамыз айына дейінгі ауа райына мынадай болжамдар жасап отыр:

Сәуір айының алғашқы онкүндігі жаңбырлы болады. 10 – 16-сәуір аралығында да жаңбыр жауады, күн суытады. Бұл өлара кезең болғандықтан таулы аудандарда қар жауып кетуі де мүмкін.

Бұдан кейінгі жаңбырлы күндер 23 – 25-сәуір аралығын қамтиды.

Ашық күндер айдың екінші жартысында болады. Ауа райы 20 – 25 градусқа дейін жылиды.

Мамыр. 1 – 4-мамыр, 10 – 15-мамыр, 20 – 25-мамыр арасы жауын-шашынды болады. Жаңбыр бұл аталғаннан басқа күндері де жаууы ықтимал.

Маусымның 1 – 3-інің, 9 – 13-інің, 20 – 23-інің аралығында да жаңбыр жаууы тиіс.

Шілде. 1 – 2-шілдеде кей жерлерде жаңбыр жауады. 10 – 13-шілдеде таулы аудандарда жауын-шашын болады.

Тамыз айында 40 градус үстіндегі ыстықтар болуы тиіс.

«Биыл егін егуге қолайлы жыл болады. Бидай бітік, шөп шүйгін өседі. Көшетті, ағаштарды көптеп еге беру керек, олар тез тамырлайды, суғаруға шығын аз кетеді», – дейді Нұрғабыл Қозыбай. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста