Шымкентте үш жаңа өнеркәсіптік алаң ашылып, екеуінің ауқымы кеңейтіледі

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының халқымен кездесіп, есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

 
«Қалаға көптеп инвестиция тарту, сол арқылы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейтуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық орталығының аумағын кеңейтуді көздеп отырмыз», – деді қала әкімі М.Әйтенов.

Оның айтуынша, қолданыстағы 5 өндірістік алаңда 80 100-ден астам жұмыс орны құрылған. Ал, жаңа индустриалды аймақтарда да 8 мыңнан астам жұмыспен құрылады деген жоспар бар.

«Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласында 2022 жылы 65 799 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның ішінде 7 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына жолданса, 18 азамат кәсіптік қайта даярлау курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Халықты тұрақты жұмыспен қамтуға шағын және орта кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салалары екерше ықпалын тигізуде»,  – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылы Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 51 мыңнан асса, 1 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 16 мың адамға дейін қысқарған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста