Шымкентте жасы 90-ға келген Ұлы Отан соғысының ардагері «Бекжан» базары маңында шемішке сатып, күнелтуде. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
90 жастағы белгісіз қарияның шемішке сатып отырған суреті әлеуметттік желіні дүр сілкіндірген болатын.
Өзін Спандияр Нақыпбеков деп таныстырған ақсақал соғыс жылдары Украина мен Белоруссияда болғанын айтады. Сарыағаш ауданынан балаларымен бірге Шымкентке көшіп келген ардагер барлық құжаттарын жоғалтып алған. Сол себепті, мемлекеттен қажетті көмек ала алмай отыр.
Қаладағы белсенді ақсақалға көмек көрсету үшін жиналып, 70 мың теңге ақша берді. Одан бөлек, қарияның құжаттарын қалпына келтіруге көмектесетіндерін айтты.