Шымкентте қажылыққа аттанамыз деген бір топ адам қонақүйден шыға алмай отыр

Шымкентте бес парыздың бірін өтеуге ниеттенген бір топ азамат бір аптадан бері қасиетті мекенге ұша алмай жүр. Олар умраға бару үшін «Кәусар Трэйвел» деп аталатын турфирмадан мың долларға жолдама сатып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК сайтына сілтеме жасап.

 
Әлеуметтік желілерде отандық эстрада жұлдыздары жарнамасын жасаған туристік фирма бәрін сан соқтырып кеткен. 12 қаңтарда жолға шығуы тиіс 100 шақты адам енді не істерін білмейді. Күнде ертеңмен алдап келген фирма өкілдері енді ұшты-күйлі жоғалған. Ал құлшылық қылуға асыққан жолаушылар Мекке мен Мәдина қаласынан қонақ үй түгілі, ұшаққа билет алынбағанын енді біліп отыр.

«Кәусар Трэйвел» туристік фирмасы күзде отандық эстрада жұлдыздары мен белгілі айтыскер ақындарды жалдап жарнама жасатып, жұртты умраға шақырыпты. Бар болғаны мың долларға 10 күн бойы қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында құлшылық жасаймыз дегендер енді бір аптадан бері ұша алмай жүр. Алыстан келгендер қонақ үй жалдап, жақын аудан тұрғындары күніге әуежайды айналсоқтап жүр.

«Мұнда достар бар, таныс бар, соларда жатырмыз. Басқа адамдар қонақ үй жалдап жатыр. Қарағандыдан, Атыраудан, Ақтөбеден, Ақтаудан келген адамдар бар. Енді бәрі бытырап жан-жаққа кетіп қалды, 30 шақты адам. Талабым: ақшамды кері қайтарып, басқа бір компаниямен кетсек те, енді шыққасын, үйге қарабет болмай, дұрыстап қажылық сапарымызды аяқтап барайық деген ниетіміз бар»,- дейді Орал қаласының тұрғыны Кәрім Сүлейменов.
Күніге «ертең» деп алдаусыратып келген турфирма өкілдері «бүгін компания кеңсесіне келсеңіз, ақшаңызды қайтарамыз» деген. Бірақ «Кәусар Трэйвелдың» ғимаратында еден жуушыдан басқа адам жоқ. Тіпті құлшылық қылуға ниеттенгендерге Мекке-Мәдинәдан қонақ үй түгілі, ұшаққа әлі билет алынбағаны анықталды.

«Кеше білдік, әуежайға да барып біліп жатырмыз, таныстар да хабарласып жатыр. Бронь да жоқ, виза да жоқ, тас та жоқ, бақа да жоқ. Бірақ ватсапта жазып жатыр, «ұшасыздар, ұшасыздар, хақ, иншалла, машалла, ұшасыздар, хақ», айтқан сөзі. «Хақ, хақ» дейді, қане хағы? .Маған мың долларыма мың доллардың үстіне 2 мың доллар ғып маған моральдық шығынмен қосып төлесін. Төлемей ме, мен көрсетем». – дейді Шымкент тұрғыны Қалдықыз Шекербек.
Өзін Медетпін деп таныстырған турфирма директоры кеше ғана Мединада жүргенін айтып байланысқа шыққан. Бүгін басшы түгілі, қосшыларын да ешкім таппай қалды. «Оңбай алдандық» дегендер енді кеңсеге полиция шақырып, жаппай арызданып жатыр. Тергеушілер бір тәуліктің ішінде жағдайды зерделеп, іс қозғамақ.

«Келісімшарт негізінде 12 қаңтарда ұшамыз деп, бүгінгі таңға дейін ол келісім орындалмаған. Соған байланысты арызданып келген. Одан бөлек, жалпы 17 тұрғын арызданған. Аталған арыз бойынша қазір сараптау-талдау жүргізіліп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», – дейді Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Ирбаев.
Киелі жерге жете алмай жүргендердің өз есебі бойынша 100 шақты адам екен. Умра қажылығын жасаймыз деп үміттенгендердің жартысын күні кеше Алматы арқылы ұшырамыз деп әкетті дейді. Бірақ олар да алдандық деп, жаппай полицияға арызданып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста