Шымкентте белгісіз ер адам күзетшіні аяусыз ұрып-соққан. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы оны іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының парақшасында жазба жарияланды. Оқиғаны 1954 жылы туған ер адамның қызы айтып берген.
"2022 жылғы 5 желтоқсанда таңғы 5-те белгісіз ер адам әкемді ұрып тастады. Ер адам мас және өте агрессивті болды. Әуелі ол әкем күзетші болып жұмыс істейтін будканың жанына құлаған. Ол құлап, түсініксіз бірдеңелерді айтып жатқанда әкем оған шығып: "Балам, қарға отырмаң, мұнда, қар жоқ жерге кел" деді. Ол әкемді боқтап, жүгіріп барып "Сен, не, маған қайда отыру керегін үйретесің бе" деген.
Әкем будкаға қарай қашқан, бірақ есікті жауып үлгермеген. Ол қуып жетіп, әкемді ұра бастаған, оны көшеге шығарып, жерге жатқызып, үстіне шығып алып басынан және бетінен жұдырықпен ұрған, содан кейін басынан және қабырғасынан тепкен. Әкем есінен танып қалған, бірақ ол доғармастан, әкемді аяусыз тепкілеп, ұрып-соққан, содан кейін кетіп қалған", - делінген жазбада.