Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған қыздар түсірілген видеоның қазақстандықтардың мессенджерінде тарауы дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кәмелетке толмаған екі қыз түсірілген видеоның WhatsApp мессенджерінде тарауына қатысты Астана қалалық ІІД-нің осы дерек бойынша тексеріс бастағанын хабарлаймыз. Тексеріс қорытындысы қосымша хабарланады", - деп жауап берді Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев редакция сауалхатына. Еске салайық, балалар порносын мессенджерден қабылдап, тарату және оны сақтау қылмыс болып саналады. Бұл туралы толығырақ мына мақаладан оқи аласыздар.