Шүберек пен жүн-жұрқа базар өртіне тамызық болды

Алматы қаласындағы «Барахолка» базарының мата сататын бірнеше контейнері жанып кетті. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Жапа шеккендер жоқ.
Кеше таңғы сағат 06.10 шамасында Ал­маты қаласындағы «Барахолка» база­рынан өрт шықты. Алматы қаласы төтен­ше жағдайлар департаментінің хабарла­уынша, ең алдымен Алатау ауданы, Сол­түс­тік шеңбер мен Ұйғыр көшелерінің қиы­лысында орналасқан «Дәстүр» база­рының мата сататын контейнерлері тұ­танған. Жалпы аумағы 80 шаршы метр­ді шарпыған тілсіз жаудың салдарынан мата, төсек-орын жабдықтары мен пер­де­лер сақталған бірнеше контейнер то­лық жанып кеткен. Өрт екі сағатта ауыз­дық­талды, зардап шеккендер мен қаза бол­ғандар жоқ. Төтенше жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр­дың 20-сы күні «Барахолканың» аяқ ки­ім­дер сақталған қоймалары өртеніп, өрт­тің жалпы аумағы 500 шаршы метрді құра­ған болатын.
Айнұр АБДУЛЛИНА, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы:
– «Барахолкадан» шыққан өрт жай­лы хабар өрт сөндіру қызметіне са­ғат 06.00 шамасында келіп түсті. Мата­лар мен перделер сақталған кон­тей­нерлерден шыққан от жылдам тарап, жалпы аумағы 80 шаршы метрді құ­рады. Өрттің таралуы 07.34-те тоқ­та­тылып, 08.10-да толығымен сөнді­ріл­ді. Өт­кен аптада Алматы қаласын­дағы базар­лардың бірнеше қоймалары өр­те­ніп кет­кен болатын. Бірақ маман­дар ол­ар­дың қандай себептерден шық­қа­нын әлі де тексеріп жатыр. Абырой бол­ғанда, зардап шеккендер жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста