ШҚО-да 52 жастағы ер азамат тоқыма тоқып, тұрғындарды талантымен тәнті етіп жүр. Бала кезден қолөнерге әуес болған Александр Гармашов мұндай қызығушылығын көпке дейін жұрттан жасырып келген, деп хабарлайды Хабар24.
Телеарнаның хабарлауынша, Александр Гармашовтың тоқуға деген қызығушылығы 5 жасында оянған. Бүгінде Александрда тоқуға керек заттың бәрі бар. Арасында темірден жасап алған ескі біздері де кездестіруге болады. Александар бастапқыда бұл өнерін көпшілікке көрсетуге қатты қысылған. Қазір бұйымдары әлеуметтік желіде танымал. Оған ұл-қызы қолдау көрсеткен. "Бұл өнеріңізді әлеуметтік желіге салайық, елге көрсетейік деп ең алдымен қызым ұсыныс жасады. Мен бірден келіскен жоқпын. Өйткені қоғам қалай қабылдар екен, балаларымның бетіне басар ма екен деп жасқандым. Олардың пікірін тыңдап, қолдауын сезген соң ғана әлеуметтік парақшада насихаттауға рұқсат бердім", - дейді Шемонайха қаласының тұрғыны Александр Гармашов. Александрдың қызы Кристинаның айтуынша, әкесінің еңбегін әлеуметтік желіде насихаттауға тұрғындардың өзі себепші болған. "Осы киімдерді киіп шықсам болды бәрі қызығып, қайдан алдың деп сұрай кетеді. Ғаламтордан сәнге айналған киім көрсем болды, әкеме айтамын. Тоқып береді", - дейді Ксения Андронова.