ШҚО-да 370 адам 200 млн теңгеге алданған

ШҚО-да "Денежный поток" атты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті айналымы 200 млн теңгеден асатын "Денежный поток" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

 
Тергеу барысында 2019-2020 жылдары ШҚО-ның екі тұрғыны мессенджер арқылы Ресейдің ірі құрылыс компаниясының қызметі түрінде алаяқтық схеманы ұйымдастырғаны анықталды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі ай ішінде жарна сомасының 25%-ы мөлшерінде апта сайын мол пайда табуға уәде берген. 

Уәдеге сенген салымшылар ресми шарт жасаспай, ақша аударымын ұйымдастырушылардың картасына жіберген. Қаржы пирамидасына 370-тен астам адам алданып, оның тек 43-і органдарға жүгінді. Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, қаржы пирамидасы – салымшылар кірістерді жаңа қатысушылардың жарнасы есебінен ғана алатын, қылмыстық жаза көзделген (ҚР ҚК 217-бабы) инвестициялық схема.

Қаражатты алу тоқтағаннан кейін, төлем тоқтап, жүйеге қатысқандардың көбі қаражатсыз қалады.Табыс алуға кепілдік берілген жалғыз адам – қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста