Сот процесін интернет арқылы бақылайсыз

Сот процесін  интернет арқылы бақылайсыз

«Электронды бақылау өндірісі» пилоттық жобасы 1 қыркүйекте, Ақтөбе облыстық соты мен мамандандырылған ауданаралық сотында іске қосылатын болады.

Облыстық соттың төр ағасы Бектас Бекназаровтың айтуынша, «бұл жүйенің жұмыс істеу принципі қарапайым ғана». Сотқа талап-арыз берген жағдайда арыз беруші арнайы шифр алады. Содан соң Ақтөбе облыстық сотының веб-сайтын ашып, ол «Электронды бақылау өндірісі» деп аталатын арнайы бөлімге кіреді. Мұнда ол өзінің жеке кодын (логин және пароль) теріп, өз ісі бойынша бақылау ісін аша алады. Жүйенің арқасында талап-арыздың өндіріске қабылдануын, істі қарауға даярлауды белгілеуді, сот мәжілісінің өзін, сот мәжілісінің хаттамасын, сот шешімін, соңынан жоғары сатыдағы соттар қаулыларының электронды көшірмесін қарап көруге болады. Болашақта веб-сайттағы процесс материалдарын процестің өзге қатысушылары да көре алатын болады.

Енгізілген жаңалық қандай да бір соттың жұмыс деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Екінші жоба соттардың өздерінің жұмыстарын жақсартуға бағытталған. «Кейбір адамдар соттың жұмысына, олардың дөрекі мінезіне шағымданып, сот мәжілісі барысында ойындағысының барлығын айта алмаймыз дейді. Сот қызметін жетілдіру мақсатында, әділ соттың ашықтығын және мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге оқу-ақпараттық орталығында соттарды, сот мамандары мен судьялыққа үміткерлерді оқыту үшін, сот процесі барысын on-line режимінде бақылайтын бейнебақылау жүйесі орнатылды. Ол 10 қыркүйекте ашылады. Мұндай бақылау республиканың өзге бірде-бір сотында жоқ», – деді Б.Бекназаров.

 Камералар мен микрофондар қалалық соттың 12 сот мәжілісі залында, сонымен бірге азаматтық істер жөніндегі алқа мәжілісі мен қылмыстық істер жөніндегі алқа мәжілісі өтетін облыстық соттың залында орнатылады. Оқу орталығында болғанда кезекші судья немесе облыстық соттың төрағасы өзінің жұмыс кабинетінен осы залда өтіп жатқан кез келген процесті бақылай алады.

Облыстық сот төрағасының пікірінше, бұл тек сот құрамын ғана емес, мәжілістің барлық қатысушыларын тәртіпке үйретеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста